• Главная
  • Өзен арналарын кеңейту жұмыстары халықтың пікірін ескерген жағдайда ғана жалғасады
17:30, 10 июля 2019 г.
Надежный источник

Өзен арналарын кеңейту жұмыстары халықтың пікірін ескерген жағдайда ғана жалғасады

Бүгін қалалық әкімдікте экологиялық реттеу мен бақылау комитетінің төрағасы Ахметжан Пірімқұловтың төрағалығымен «Ақтөбе қаласындағы өзендер арнасын кеңейту, тазарту мен тереңдету жұмыстарының барысы туралы» тақырыбында жұмыс комиссиясының отырысы болды, деп хабарлайды city04.kz.

«Қалалық әкімдікпен бірге өзен арнасын кеңейту жұмыстары жүрген жерлерге бардық.

Жұмысты жалғастыру керек деп барлық дерлік мамандар айтып жатыр. Біздер 2017 жылдың көктемінде болған оқиғаның қайталануын болдыртпауымыз керек. Айта кетейін, Президент тапсырмасы аясында барлық мемлекеттік және құқыққорғаушы органдар өз құзыреттері аясында тексерістер жүргізуде», - деді экологиялық реттеу мен бақылау комитетінің төрағасы Ахметжан Пірімқұлов.

Сонымен қатар барлық мамандар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне сөз берілді.

Осылайша, орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Каир Рыскелдинов жобалық-сметалық құжаттаманың дұрыстығына ескерту жасамады, тек «орманның орнын толтыру» тармағын қосуды сұрады.

Су ресурсы комитеті төрағасының міндетін орындаушы Мұрат Бейсеновтың сөзінше, ағаштарды кесу мәселесін түзеп, өзеннің арнасын кеңейту, тереңдету мен жағажайларын нығайту жұмыстарын одани әрі жалғастыру қажет.

«Жалпы, бас мердігер компаниялар қалалық әкімдік белгілеген жерге ағаштарды қайта отырғызуға дайын. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заңнамаға сәйкес жұмыстарды әрі қарай жалғастыру қажет деп санаймыз», - деді Мұрат Бейсенов.

Жиынның соңында Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллинге сөз берілді.

«Ақтөбеде болып жатқан оқиғаға бейжай қарамай, жанашырлық танытып жатқандары үшін қоғамдық бірлестіктерге рақметімді айтамын. Көп жылдар бойы бөлінбеген қаражатты алып, жұмысты жүргізбей тастауға болмайды. Үш жылға бөлінген қаражаттың сапалы жұмсалуын қадағалауға қоғамдық бірлестіктерге қосымша жүктеме береміз. Біз бәріміз бірігуіміз керек», - деді шаһар басшысы Мавр Абдуллин.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости

Комментарии

Объявления
live comments feed...