• Главная
  • Қазақстандық боксшы 35 рет жеңіске жеткен қарсыласынан басым түсті
15:09, 14 июля 2019 г.
Надежный источник

Қазақстандық боксшы 35 рет жеңіске жеткен қарсыласынан басым түсті

Қазақстандық боксшы 35 рет жеңіске жеткен қарсыласынан басым түсті

– Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (12-1, 5 КО) Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясынан кетіп қалғаннан кейін өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Реклама/TV Media Digital Филиппиндік Рики Сисмундоға (35-13-3, 17 КО) қарсы айқас Мәдиев үшін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясындағы бірінші жекпе-жегі болды. Айта кетейік, бұл промоутерлік компанияның басты жұлдызы Сауль Альварес саналады. АҚШ-тың Карсон қаласында (Невада штаты) өткен бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі кездесу сегіз раундқа созылуы тиіс еді. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Мәдиевтің жеңісімен аяқталды. Руслан кәсіпқой рингтегі 13-жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, ол қыркүйекте мексикалық Пабло Сесар Канодан (32-7-1, 22 КО) спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісінің «есесін қайырды». Сисмундо кәсіпқой алаңда 14-рет жеңіліске ұшырады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости

Комментарии

Объявления
live comments feed...