Халықаралық армиялық ойындарына десантшыларымыз әзір

Халықаралық армиялық ойындарына десантшыларымыз әзір, Сагимбаева Баян

Қазақстандық десантшылар мемлекетіміздің әскерінің күш-қуатын 2019 жылғы халықаралық армиялық ойындарда паш етуге әзір.

Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің үздік жауынгерлері Ресей Федерациясының Псков облысында өтетін «Десанттық взвод» конкурсында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды City04.kz.

Халықаралық армиялық ойындарына десантшыларымыз әзір, фото-1 Халықаралық армиялық ойындарына десантшыларымыз әзір, фото-2 Халықаралық армиялық ойындарына десантшыларымыз әзір, фото-3 Халықаралық армиялық ойындарына десантшыларымыз әзір, фото-4

Алматы облысының «Іле» оқу полигонында АРМИ-2019 халықаралық әскери ойындарына қатысатын «Десанттық взвод» құрама командасы соңғы дайындықтарын жүргізуде. Бұл конкурсқа іріктеу жұмыстары бірнеше этаптардан тұрды. Әскери қызметшілер өздерінің мықтылығын батальондық, бригадалық және әскерлер деңгейінде дәлелдеп таңдалды. Конкурс ережесіне сай 42 әскери қызметші іріктеліп, 3 негізгі бөлімше мен 1 қосалқы бөлімше жасақталды.

Конкурстың негізгі бөлімі 3-17 тамыз аралығында Псков облысының «Струги красные» полигонында өтетін болады. Қазақстандық команда 26 шілде күні аттанады деп жоспарлануда. Себебі әскери қызметшілер сол елдімекеннің климатына бейімделіп, қаруын келтіріп, қоршаған ортамен танысуы тиісті.

Аталмыш конкурстың басты мақсаты болып халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, әскери қызметтің мәртебесін көтеріп, жеке құрамның машықтылығы мен кәсібилігін бақылау болып белгіленді.

Конкурс 4 кезеңнен құралады және олар техникалық пен жаяу болып бөлінген.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии