Ақтөбеде бизнес өкілдеріне арналған тренинг өтті

 Ақтөбеде бизнес өкілдеріне арналған тренинг өтті, Сагимбаева Баян

Бүгін 17 маусым күні «City04.kz» ақпараттық-жаңалықтар сайтының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында бизнесбастамалары бар кәсіпкерлерге арналған бизнес тренинг өтті.

Бизнестің қарыштап дамып жатқан заманында бизнеске қатысты идеялардың құны да бағаланары анық.

«Кәсібіңіз ғаламтор беттерінде болмаса кәсібіңіз жоқ деп есептей беріңіз» деп Билл Гейтс айтпақшы тренингте ғаламтордағы жарнама туралы сөз қозғалған болатын.

«PODIUM» модель агентігі мен "АСЫЛ-АЙ" той орталығының қолдауымен өткен арнайы шараның сөз тізгіні қонақтарымыз Ержан Нургалиев пен Шаульский Андрей мырзада болды.

Тақырып кәсіпкерлердің өз кәсібін жандандыру мақсатын қамтып, тренинг барысында жаңа идеялар мен бұрыннан өзекте жүрген сауалдарға жауап алынды.

- 3 сағатқа созылған шарамыз сәтті іске асып, қатысушыларымыздың бизнес бағытында білімі кеңейді деп қорытындылауға болады. «City04.kz» платформасының жоғарғы деңгейдегі ұйымдастыруының арқасында бәрі ойдағыдай өтті,- деді спикер Шаульский Андрей Сергеевич.

Семинар-тренингтің фотосы біздің сайтта жарияланды.

Ал видео YOUTUBE парақшамызда!

бизнес-тренинг актобе новости актобе тренинг seo продвижение Ержан Нургалиев Шаульский Андрей Айгуль Дюсенова
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии