Ақтөбенің сауда орталығында қыз бала дүниеге келді

Ақтөбенің сауда орталығында қыз бала дүниеге келді, Сагимбаева Баян

Айлин есімді қыз баланың өмірге келуіне анасының туысқандары мен сатушылар көмектесті. Әйелдің босанып жатқан кезінде зергерлік бұйымдар сататын дүкен есігіне күзетшілер қойылып, жағдай жасалынған, деп баяндайды City04.kz.

11 Шілде "Керуен Сити" сауда орталығының қызметкерлері үшін ерекше есте қалатын болды. Ақтөбелік келіншек жедел жәрдемді күтпей зергерлік әшекей сататын дүкенде босанып қалды.

Заура есімді жас ананың туысқандары мен дүкен сатушылары қарап тұрмай босануға бірден кірісіп кеткен.


- Таңертең әйелім анаммен бірге әпкемнің үйіне қонаққа шығып кетіп еді. Артынан сауда орталығына барған. Әйелімнің босанғаны туралы хабар естігенде үйде болатынмын. Алғашында еш сенбеп едім. Себебі, әлі босанатын уақыты келмеген еді. Әрине, бірден жолға шықтым. Мен жеткенде өмірге қызым келіпті. Заура өзінің ешнәрсе түсінбей қалғандығын жасырмады, – дейді сұлулық дүкенінде өмірге келген сәбидің әкесі Арман Кожин.

Заура мен Арман бұл бақытқа екінші рет кенеліп отыр. Енді 3 жасар ұлдарының сап-сау болып өмір есігін ашқан қарындасы бар.

Сауда орталығының қызметкерлерінің мәлімдеуінше басшылық тарапынан қуанышқа кенелген отбасыға ыдыс-аяқ жинағы мен кішкентай Айлинге арналған ойыншық жиынтығы сыйға тартылды.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии