• Главная
  • Қазақстан сақтандыру нарығы көлемі жағынан әлемде 77-орын иеленді
11:05, 22 июля 2019 г.
Надежный источник

Қазақстан сақтандыру нарығы көлемі жағынан әлемде 77-орын иеленді

Қазақстан сақтандыру нарығы көлемі жағынан әлемде 77-орын иеленді

 2018 жылы әлемдегі сақтандыру нарығының жалпы айналымы 5,2 триллион АҚШ долларына жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,2 процентке көп, - деп хабарлайды City04.kz Хабар 24-ке сілтеме жасай.

Дегенмен былтыр қазақстандық сақтандыру компаниялары үшін аса сәтті болмады. Еліміз әлемдік тізімде 77-ші орынға тұрақтаған. Сақтандыру сыйақысының көлемі бірқалыпты болғанымен компаниялардың қызметіне жүгінушілер 7 пайызға кеміген.

Осылайша сақтандырудың отандық нарығы 759 миллион АҚШ долларын құрады. Сараптамалық топ тізімді жасау барысында сақтандыру нарығындағы қаржының жан басына шаққандағы сомасын есептеп, негізгі критерий ретінде алған.

Мәліметтерге қарағанда 2018-ші жылы бір адамға берілетін сақтандыру сыйақысы 55 долларға тең болды.

Салыстыру үшін айтайық, дамыған елдерде жан басына шаққандағы сақтандыру сыйақысы 1-7 мың доллар аралығында. Биыл бес айда мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 777,4 миллиард теңгеге жетіп, жылдық мәнде 10 пайыздық өсім көрсетті.

Жалпы өндірістің үштен бірі Алматы мен Түркістан облысының үлесінде. Нақтырақ айтсақ Алматы облысындағы өндіріс ел аумағындағы мал шаруашылығы өнімінің 15 пайызына тең. Ал 13,7 проценті Түркістан облысынің еншісінде.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында да өнімділіктің артқаны байқалады. Жалпы ел бойынша төрт түлік мал мен тауық саны айтарлықтай көбейген. 1 маусымдағы есеп бойынша, Қазақстанда жылқы саны 3 миллион жүз мың басқа жеткен.

Ал түйеның саны 237 мыңнан асты. Зеңгі баба түлігі 8 миллион 800 мыңнан асып, жылдық мәнде 5 проценттік өсім көрсетті. Ал тауық 46 миллионнан асқан. Алдағы жылдары Қазақстанда мал шаруашылығы саласы қарқынды дами түседі.

Себебі еліміздің ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров АҚШ-қа жасаған сапарында Дүниежүлік банктің Вице-президенті Сирил Муллермен кездесіп, салаға инвестиция тарту бойынша келісімге келді.

Соның аясында Дүниежүзілік банк Қазақстандағы ет-мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 500 миллион доллар бөлетін болды. Жоба 2020-2023 жылдарға жоспарланған.

Айта кету керек, биылғы қаңтар мен мамыр аралығында елімізде 381 мың тонна сиыр еті шығарылды. жылдық өсім 5,4 процентке тең. Сондай-ақ 2,1 миллион тонна сүт өндірілген. Дегенмен биыл тері өндірісі тежеліп қалды. Мәліметтерге қарағанда қозы терісін өңдеу бір жылда 56 процентке азайған.

Польшалық инвесторлар Түркістан облысында 20 гектар жерге жылыжай салады. Жыл соңына дейін 11 гектар жердегі құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс. Жылыжай Сайрам ауданындағы Қарамұрт елді мекенінің маңына салынады.

Жоспар бойынша кешен жылына 16 мың тонна қияр мен қызанақ шығарады. Кәсіпорын шамамен 500 адамды жұмыспен қамтиді. Жылыжайдың жобалық құны 7 жарым миллиард теңге.

Өндірілген өнім отандық нарықпен қатар Ресейге де экспортталады деген болжам бар. Серіктестік директорының айтуынша, жоба өз құнын 5 жылдың ішінде ақтайды. Айта кетейік, дәл осындай жылыжай 2020 жылы Алматы облысында да іске қосылмақ. Жылына 900 тонна көкөніс өндіретін кешеннің сметалық құны 974 миллион теңге. Алдағы жылдары елімізде ақылы авто жолдардың саны артады.

Нақтырақ айтсақ үш жыл ішінде жалпы ұзындығы 11 мың шақырым 32 жол учаскесіне ақылы жүйе енгізіледі. Қазір жүйені енгізуге қатысты конкурстық шаралар өткізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша жаңакдан егізілетін ақылы жолдарда төлем жасау бекеттері қойылмайды.

Яғни жол ақысы шыға берісте автоматты түрде алынады. Сондай-ақ алдын ала төлем жасаудың 20 түрлі тәсілі енгізіледі. "Қаз Авто Жол" ұлттық компаниясы өкілдерінің айтуынша, ақылы жол жүйесін енгізудегі негізгі мақсат республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту.

Бүгінде Қазақстан бойынша 4 ақылы жол бар. Олар Нұр-Сұлтан - Щучинск, Нұр-Сұлтан - Теміртау, Алматы - Қапшағай, Алматы- Қорғас бағыттары. Компания өкілдерінің айтуынша, ақылы жолдардың бойында міндетті түрде санитарлық-гигиеналық бекеттер орнатылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...