• Главная
  • Ақтөбеде жігіттің басын аяқпен ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
15:12, 22 июля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде жігіттің басын аяқпен ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақтөбеде жігіттің басын аяқпен ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Төбелес Ақтөбенің түнгі клубтарының бірінде келіспеушіліктен орын алып, кейін бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды City04.kz.

Оқиғаны түсіріп алған камерадағы уақыт бойынша бұл 17 шілде күні таңғы 4 тен кете орын алған. Видео әлеуметтік желіге жүктелген. Екі ер адам жүгіріп келіп кейін біреуі жерге құлайды да екіншісі бірнеше рет аяусыз соққыға жығады.

Ер адам еш қарсылық танытпай жатқанына қарамастан екінші оны басынан қабырғасынан тепкілейді. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Саркуловтың мәлімдеуінше күдікті ұсталып, сотұа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жапа шегуші ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

- Аталмыш оқиға Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан түнгі клубтардың бірінде орын алған. Ер адамдар ішімдік тұтынып, кейін төбелес шығарған. Ескертіп кететіні, ешбір күзетші де, әкімшілік те жағдайдың ушықпауына шара жасамағаны және полиция қызметкерлерін шақырмауын байқағанымыз. 102 қызметіне қоңырау тек барлығы біткенде ғана келіп түсті, - деп нақтылады Ерболат Саркулов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#драка возле ночного клуба актобе #драка в актобе #актобедегі төбелес #новости актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...