• Главная
  • Ұлттық экспорттық стратегия қайта қаралатын болады
10:17, 23 июля 2019 г.
Надежный источник

Ұлттық экспорттық стратегия қайта қаралатын болады

Ұлттық экспорттық стратегия қайта қаралатын болады

Ұлттық экспорттық стратегия қайта қаралатын болады.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz со ссылкой inform.kz.

- Экспортты ұлғайту және қазақстандық тауарларға арналған нарықтарды кеңейту мақсатында жаңа Сауда және интеграция министрлігінің жұмысы шаралар кешенін әзірлеуге және оны іске асыруға бағытталатын болады. Экспортты дамыту саласындағы тұжырымдамалық тәсілді жаңғырту мақсатында әлемдік нарықтағы қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық экспорттық стратегия қайта қаралатын болады.

Осы жұмыстың аясында 2025 жылға қарай шикізат емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттауды 2 есеге арттыру үшін тиімді шаралар кешенін жасау жоспарланып отыр. Шикізат емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттауға ілгерілету жөніндегі Жол картасы жақын арада енгізіледі, - деді Ә. Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, сату нарықтарында еліміздің қатысуын кеңейту үшін, ең алдымен, дәстүрлі нарықтарда жаңа сауда байланыстарын қалыптастыруға баса назар аудару қажет. Ол үшін шетелде сауда өкілдіктері желісін кеңейту ұсынылады.

- Сауда саясатын дамыту орталығының базасында экспорттаушылар үшін толыққанды «QazTrade» «бірыңғай терезе» құру жоспарланып отыр. «Бірыңғай терезе» аясында экспорттаушыларға қолдау көрсетудің барлық шаралары шоғырланатын болады, - деді Ә. Смайылов.

Еуразиялық экономикалық одақ ауқымында мемлекеттің келіссөз позициясын нығайту мақсатында бірқатар бағыттарға ерекше назар аударылмақ.

Осы орайда Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс органдарында Қазақстанның өкілдігін күшейту ескерілген. Серіктес елдердің нарықтарына қазақстандық тауарларды ілгерілетуге кедергі болатын себептер қаралуда.

- Делдалдық байланыстарды қысқарту мақсатында көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған заманауи инфрақұрылым, азық-түлік өнімдеріне арналған тарату орталықтары құрылады. Көрші елдермен көліктік-логистикалық желі дамытылады.

Қолма-қолсыз төлемдерді ынталандыру және электрондық коммерцияны дамыту арқылы шағын және микро-бизнесті көлеңкелі саудадан жаппай шығару жоспарлануда, - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...