• Главная
  • Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта салынады
10:58, 23 июля 2019 г.
Надежный источник

Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта салынады

Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта салынады

–Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта салынады, деп хабарлайды City04.kz inform.kz сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 22 шілдеде құрылысшылар 1963 жеке және көп қабатты тұрғын үй нысандарын тапсырды. 

Шілде айының басынан бері Арыс қаласында шыжғырып тұрған күн астында 7 367 құрылысшы еңбек етуде, олардың қатары күн сайын бірнеше ондаған адамдармен толығуда.

Сонымен бірге, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерді қалпына келтіруде. Құрылыс бригадалары 115 үйді бұзып, қайта салып жатыр. Алайда, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің хабарлауынша, мамандар бірқатар себептермен 51 үйге кіре алмай отырғандықтан, тексеру жүргізу, жөндеу жұмыстарын бастауға мүмкін болмай тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери полигонда болған жарылыстан барлық тұрғын үй қорының 85%-і зардап шеккен болатын. Нысандарды қалпына келтіруге бақылау және мониторинг күн сайын жүргізілуде.



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...