Құрылыста отандық материалдардың үлесі қай деңгейде болады

Құрылыста отандық материалдардың үлесі қай деңгейде болады, Сагимбаева Баян

Бюджеттік жобаларда отандық материалдардың үлесін 2022 жылға қарай 90 пайызға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды City04.kz.

- Өткен жылы қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Отандық тауар өндірушілердің электрондық тізілімі жасалды, Жобалау-сметалық құжаттамада орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде материалдардың шығу тегін міндетті түрде көрсету бойынша талаптар енгізілді. Қабылданған нәтижелер бойынша бюджеттік жобаларда отандық материалдардың үлесін 2022 жылға қарай 90% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда, - деді Жеңіс Қасымбек.

Бұдан бөлек ол Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды.

- Бүгінде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін барлық күштер жұмылдырылды. Қалпына келтіру жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланып отыр, - деді ол.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии