Ардақ Назаров жастарға батыл қадам жасап, табысты болуға шақырды

Ардақ Назаров жастарға батыл қадам жасап, табысты болуға шақырды , Сагимбаева Баян

«Жас кәсіпкер» жобасы бүкіл Қазақстанда бастау алды, деп хабарлайды City04.kz.

Белгілі спортшы және қоғам қайраткері Ардақ Назаров «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған «Жас Кәсіпкер» жобасының бренд өкілдерінің бірі болды.

22 шілдеден бастап еліміздің барлық қалалары мен аудандарындағы 200 мектепте бизнес негіздері бойынша оқытудан өтуге ниет білдірушілер кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтаны анықтау мақсатында тестілеуден өтіп жатыр.

2019 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлерді оқытудың жалпы саны Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша екі есеге артты. Екі оқу бағдарламасында 75000 өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және көп балалы отбасылардың мүшелері оқытылады, олардың жартысы 18-29 жас аралығындағы жастар болады.

Ардақ Назаров жастарға батыл қадам жасап, табысты болуға шақырды , фото-1

Ақтөбе облысы бойынша осы жобаны жүзеге асыру барысында шамамен ниетті 1100 адамды қамту және оларды белсенді кәсіпкерлікке тарту көзделген.

- Балалармен жаттығу кезінде және біздің мектебімізде 500-ден астам спортшылар бар, сондай-ақ жастармен кездесулерде мен әрқашан адамгершілік тәрбиесінің қажеттілігі туралы айтамын.

Бұл еңбекке баулу, ата-ананы құрметтеу сияқты өзгермейтін ақиқаттар. Әлеуметтік желілерден «Жас кәсіпкер», «Бастау» оқу жобалары туралы ақпаратты көріп, оны жастар қолдайтынын көргенде, мен де өз үлесімді қосуды жөн көрдім , - деді танымал күрескер. «Кәсіп, жеке бизнес, бай болу жақсы, бірақ жол еңбекқорлық арқылы келеді.

Білім беру жобаларының ерекшелігі - үш негізгі элементті біріктіру: оқыту, қаржыландыру және сүйемелдеу. 22 шілдеден бастап 200 мың жас және көп балалы отбасылардың мүшелері бүкіл Қазақстан бойынша 200 сыныпта кәсіпкерлік негіздерін оқи бастады. Бір қызығы, 60 сынып елорда мен ірі Алматы, Шымкент қалаларында орналасқан.

Дәл осы қалаларда тұрақты табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастардың көп бөлігі шоғырланған.

Ардақ Назаров жастарға батыл қадам жасап, табысты болуға шақырды , фото-2

- Мен жобаларды алға жылжытуға көмектесетін жастар арасында танымал адамдарды тарту туралы «Атамекеннің» бастамасын қолдаймын. Өйткені, бүгінде әлеуметтік желілер негізгі ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан мен атақты спортшыларды, шоу-бизнес жұлдыздарын қоғамымыздың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған осындай әлеуметтік бастамаларды алға жылжытуға шақырамын.

Мен жастарды батылдықпен алға ұмтылуға, ештеңеден қорықпауға шақырамын. Мемлекет жастарды қолдауда үлкен жұмыс атқарады: ол тек білім ғана емес, сонымен қатар гранттар мен несиелер де береді, - деді А.Назаров.

Спортшы жастарды мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға шақырған бейнероликке түсті. Ұйымдастырушылар атақты тұлғалармен вирустық бейнелер сериясын дайындауды жоспарлап отыр.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың өкілі немесе көп балалы отбасылардың мүшелері «Жас Кәсіпкер» жобасында оқи алады.

Ол үшін өтінімді qoldau.atameken.kz сайтында қалдыра аласыз.

Палата филиалдарымен немесе «Атамекен» ҰКП байланыс орталығы - 1432 нөміріне қоңырау шала аласыз (қоңырау шалу тегін).

АРДАҚ НАЗАРОВ НОВОСТИ АКТОБЕ АТАМЕКЕН ПАЛАТА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии