• Главная
  • Ақтөбеде #Birge #TazaQazaqstan акциясының алғашқы күні бастау алды
13:07, 25 июля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде #Birge #TazaQazaqstan акциясының алғашқы күні бастау алды

Ақтөбеде #Birge #TazaQazaqstan акциясының алғашқы күні бастау алды

Бүгін өткен #Birge #TazaQazaqstan акциясына 5000 ақтөбелік  ат салыспақшы, деп хабарлайды City04.kz.

Республика көлеміндегі экологиялық акцияға Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы ЗТБ төрайымы Айгүл Соловьева, «Konrad Adenauer» қоры Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм,облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, қала әкімі Мавр Абдуллин қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов шараға қатысушыларға алғыс білдірді.

- Осы шараға арнайы келген азаматтарға облыс әкімінің атынан  алғысымды білдіремін. Қоршаған ортаның, тазалығы барлығымыз үшін маңызды, экологиялық акцияға Ақтөбе өңірінен жалпы  5000-ға жуық азамат қатысуға ниетті,-деді облыс әкімінің орынбасары.

#Birge #TazaQazaqstan Республикалық, экологиялық акциясына қатысуға сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері мен   мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құралған қоғамдық бірлестік  мүшелері, ЖОО студент жастары, қоғамдық кеңес мүшелері, еріктілер мен  мемлекеттік қызметкерлерден құралған 300 ден астам азамат энергетиктер лагерінен «Тау» демалыс аймағына дейінгі аумақты тазалауға ат салысты.

- Ең біріншіден, қатысушыларға алғыс айтқым келеді. Біздің жаңа министрлік пен жаңа министріміздің бастамасымен Қазақстанның экологиялық таза болуына барлығымыз ат салысқанымыз қуантады. Министрлік қазірде экологиялық сағаттарды қолға алмақшы. Бұл дегеніміз балабақшадан университетке дейін, мамандарды да қамтуы тиіс деп ақылдастық. Қоғам мүшелері қаланың ластауы ұят нәрсе. Сондықтан аталмыш бастама арқылы біз қоғамды ластыққа емес тазалыққа үндейміз,- дейді мемлекеттік және әлеуметтік  қайраткер Соловьева Айгуль Сагадибековна.

Оған қоса Айгуль Сагадибековна Ақтөбе еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтаннан кейінгі акцияны өткізіп отырған екінші қала екендігін жеткізді.

Аталған шара аясында алдағы күндері  Ақтөбенің  10 аумағында яғни, «Ақжар» көпірінің маңы, «Қарғалы» өзені аумағы, «Қызылжар» елді мекеніндегі «Жаман Қарғалы», «Ақтөбе» суқоймасы маңы, «Елек», «12 м/а», «Сазды» өзені, «Малбазар», «Пригородный» аудандары, «Кривое» көлінен «Елек» өзендерінің айналасына дейінгі аймақтарда  әр сенбі осындай  тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Ол үшін арнайы жүк, тиегіш техникалық көліктері жұмылдырылған.

Айтып өтейік, #Birge #TazaQazaqstan Республикалық, экологиялық акциясы алғаш 20-шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған болатын.

Акция барысынан фото біздің сайт бөлімінде жарияланды: ФОТО

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Соловьева Айгуль #Бекенов Қайрат #Абдуллин Мавр #Калдыгулова Сания #Шынтасова Сулупан #Граждане с ограниченными возможностями #Молодежь города Актобе #Депутаты городского маслихата #Таза Қазақстан #Таза Ақтөбе #новости актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...