• Главная
  • Ақтөбеде демалып жатқан Арыстық балаларға көмек көрсетілді
09:30, 26 июля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде демалып жатқан Арыстық балаларға көмек көрсетілді

Ақтөбеде демалып жатқан Арыстық балаларға көмек көрсетілді

Қарғалы ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен аудан кəсіпкерлерінің  қолдауы арқылы Актөбе қаласындағы  "Шұғыла" сауықтыру лагерінде  демалып жатқан  Арыс қаласынан келген балаларға көмек көрсетілді, деп хабарлайды City04.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында орын алған қару қоймасының жарылысынан бірнеше адам жарақат алып, қала түгелімен көшірілген еді.

Ақтөбеде демалып жатқан Арыстық балаларға көмек көрсетілді, фото-1

Аталмыш оқиғаға Қазақстандықтар болып көмек қолын созу жұмыстары жүргізіліп жатырған-ды. Олардың қатарына әрине, Ақтөбе облысы да үлкен үлесімен енді.

Ақтөбе көмек аясында Арыстықтарға материалдық жағдай қарастырылумен қатар, Арыстық балаларды да шет қалдырмады.

Осыдан 10 күн бұрын Арыстық балалар Ақтөбеге жазғы демалыс лагеріне келген болатын. Олардың лагерде демалуына жағдай жасаған Облыстық әкімдік шығындарды бюджет тарапынан өтейтіндігін жеткізді.

Жақында мектеп алды дайындық жұмыстары жүргізілуіне байланысты Қарғалы ауданы әкімдігі балаларды мектеп жабдықтарымен қамту шарасын ұйымдастырған болатын. Оған жергілікті аудан кәсіпкерлері қолдай білдіріп, "Шұғыла" сауықтыру лагерінде демалып жатқан  балаларға көмек көрсетті.

Ақтөбеде демалып жатқан Арыстық балаларға көмек көрсетілді, фото-2

- Ақтөбеде демалып жатқан Арыстық балалардың мектепке дайындығын қолға алып, барынша қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Бастамамызға аудандық кәсіпкерлер қол ұшын созып жатыр. Әзірге 70 шақты баланы қамтыдық. Алдағы уақытта Қарғалы ауданының жасыл-желекті аумақтарына саяхат ұйымдастырып, балаларды жағажайға алып барғымыз келеді,- дейді Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Төлегенов Жақсат Сәндібайұлы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ВЗРЫВ АРЫС 2019 #новости казахстана #туркестанская область

Комментарии

Объявления
live comments feed...