Ақтөбеде мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан лига ұйымдастырылуда

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты облыс әкімі бекіткен «Дін. Қоғам. Жастар» жобасы аясында «Құрбан айт» мерекесіне орай Ақтөбе облысының дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы Ақтөбе қаласындағы мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан лига ұйымдастыруда, деп хабарлайды City04.kz.

Аталмыш лига шілде айының 6-шы жұлдызынан бастап өткізілуде. Лиганың іріктеу кезеңіне қалалық мешіт жамағаттарын арасынан «Нұр Ғасыр мешіті», «Нұрдәулет мешіті», «Сүлеймен ата мешіті», «Әл-Ләтиф мешіті», «Досжан хазірет мешіті», «Бақытжан мешіті», «Қабақ баба мешіті» және «Қалалық мешіт» жамағаттарынан барлығы 8 команда қатысып, нәтижесінде 4 команда жартылай финалға жолдама алды.

Олар: «Сүлеймен ата мешіті», «Қабақ баба мешіті», «Әл-Ләтиф мешіті», «Қалалық мешіт» командалары. Бұл командалар 26 шілде күні жартылай финалда өзара бақ сынасып, финалға жолдамаға таласатын болады.

Сонымен қатар аудандарда да мешіт жамағаттары арасында облыстық лигаға іріктеу кезеңі өтуде. Қазіргі таңда Темір, Хромтау, Қобда, Әйтеке би аудандарында іріктеу кезеңі өтіп, жеңімпаз командаларға облыстық лигаға жолдама берілді. Облысымыздың қалған аудандарында да облыстық лигаға іріктеу кезеңі өткізілуде.

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы рухани танымдық, мәдени-спорттық шаралар легін жалғастыруда. Атап айтсақ, қыз-келіншектер, әйел жамағаттарының арасында «Көңілді START» спорттық эстефеталық марофоны, үстел теннисінен турнир, тұрақты түрде өтіп тұратын теологиялық, психологиялық семинар тренингтер.

Ал тамыз айында аталмыш лиганың іріктеу кезеңі және жартылай финалынан өткен қалалық, аудандық жеңімпаз командалар финалда ала доптан бақтарын сынап, жеңімпаз командалар Құрбан айт күні арнай диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. 

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии