• Главная
  • Қазақстан Қарулы Күштері түнгі уақыт жағдайында интенсивтік жауынгерлік даярлық жүргізуде
13:30, 26 июля 2019 г.
Надежный источник

Қазақстан Қарулы Күштері түнгі уақыт жағдайында интенсивтік жауынгерлік даярлық жүргізуде

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен бөлімшелері далалық шығу уақыты барысында түнгі жағдайдағы қарқынды жауынгерлік даярлықтарын пысықтауда, деп хабарлайды City04.kz.

Қазақстан Қарулы Күштері түнгі уақыт жағдайында интенсивтік жауынгерлік даярлық жүргізуде, фото-1

Еліміздің Батысындағы барлық оқу полигондарда бөлімше, экипаждар құрамымен қарқынды жауынгерлік сабақтар өтуде. Бөлімшелерді (есептоптарды) және экипаждарды дайындау бойынша сабақтар бөлімшелер командирлерінің басшылығымен өткізіліп, шілде айының соңына дейін жалғасады.

Аталған кезеңде әскери қызметшілер мамандық бойынша жеке дайындық барысында алған әртүрлі ұрыста және жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда бөлімше құрамында кәсіби машықтарын жетілдіруде. Оқыту барысында негізгі күш-жігер бөлімшелер құрамында әскери қызметшілерді іс-қимылға дайындауға және ұрыста штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы шебер әрі тиімді пайдалануға жеке құрамның далалық машығын жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қоса, осы аралықта әскери қызметшілер таныс емес аймақтағы жауынгерлік әрекеттерін, бөлімшелердің оқ атысын басқаруды, әскеритехникадан қозғалыста оқ атуды пысықтайды.

Қазақстан Қарулы Күштері түнгі уақыт жағдайында интенсивтік жауынгерлік даярлық жүргізуде, фото-2

- Қараңғы уақыттағы атыс жаттығулары барысында түнде көру құралдары қолданылады. Атқыштар АСЕЛСАН құрылғысын қолданса, танкішілер ТВН-5 құралын, БТР экипаждары машина командирлеріне арналған ТКН-3 және жүргізуші-механиктерге арналған ТВНЕ-4Б құрылғыларын пайдаланады. Бұның барлығы жауынгерлік даярлық үрдісін мейіленше сапалы етуге көп септігін тигізеді, - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Женис Маралов.

Атыс қаруларынан түнгі уақыттағы оқ ату күндізгі уақыттан қарағанда әлдеқайда өзгеше. Түнгі уақытта олардың көздеулері, бағдарларды табу қиын болады. Оған қоса, сарбаздарға деген психологиялық ауыртпашылық болуы мүмкін.

Бөлімшелерді дайындаудың шешуші кезеңінде жауынгерлік оқ атулар өткізіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...