• Главная
  • Ақтөбе қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
16:00, 26 июля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Ақтөбе қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Қала әкімі Мавр Абдуллин екі жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды City04.kz.

Жангелді Әубәкіров 1979 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-менеджер біліктілігі бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер біліктілігі бойынша аяқтаған.

Ақтөбе қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды, фото-1

«Желдорстрой» ААҚ экономисті, Қазақстан Халық Банкі Ақмола облысы бойынша филиалының маманы, аға маманы, «KOMIRBANK» ААҚ бас маманы, «Наурыз Банк Казахстан» ААҚ жетекші маманы, ҚР көлік және коммуникациялар Министрлігінің бас маманы, ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің референті, «Атлант Инжиниринг» ЖШС менеджері, заңгері, атқарушы директоры, «Корпорация Ойсылқара» ЖШС директоры, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ бас менеджері, «Ақ Бидай-Терминал» АҚ төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды.

Ақтөбе қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды, фото-2

Гүлназ Сисенова 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер біліктілігі бойынша аяқтаған.

Алға ауданы салық комитетінің жетекші салық инспекторы, Ақтөбе облысы қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы болып жұмыс атқарды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...