"Нархоз" университетінің бұрыңғы оқытушылары американдық ректорға шағымданды

"Нархоз" университетінің бұрыңғы оқытушылары американдық ректорға шағымданды, Сагимбаева Баян

Бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізілуде.

"Нархоз" университетінің бұрынғы оқытушылары Жоғарғы оқу орнының ректорына шағымданып, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жүгінді, деп хабарлайды City04.kz.

Өтініш министрліктің сайтында жарияланған болатын.

- Құрметті министр, біз, "Нархоз" университетінің бұрыңғы оқытушылары, сізге білім басқармасының басшысы ретінде "Нархоз" университетінің қабырғасында болып жатқан оқиғаларды жеткізуіміз керек деп таныдық. (...) Біз жақын арада "Нархоз" Университеті өзінің бұрынғы даңқын жоғалтады деп қорқамыз. Бұл қазіргі ректор, АҚШ азаматы Эндрю Вахтельдің (білім бойынша филолог-славяншы) білім беру стратегиясымен байланысты,-делінген өтініш хатта.

Сонымен қатар, оқытушылардың айтуынша, университетте оқушылардың білім деңгейіне кері әсер ететін реформалар жүргізілген. Студент барлығына өзі жету керек деген ұстаныммен оқулықтарды оқуға тыйым салу фактісі жұмыстан босатылған азаматтардың наразылын тудырған. 

Өтініштің толық нұсқасында аталмыш жоғарғы оқу орнындағы оқыту бағдарламасымен танысуға болады.

Өз кезегінде министрлікте шағыммен танысып, "Нархозда" жақын арада осы факті бойынша тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

"Өтініште көрсетілген фактілер бойынша Министрліктің құзыреті шегінде жоспардан тыс тексеру жүргізу жоспарлануда. Бұзушылықтар расталған жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатын болады. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, сіз оған "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабында көзделген тәртіппен шағымдануға құқылысыз", - делінген жауапта.

Ақнұр ҚУАНЫШ

нархоз университет университет алматы ректор нархоза новости казахстана
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии