Мұғалжардың бұрыңғы әкімі енді облыстық жұмыспен қамту басқармасының басшысы атанды

Мұғалжардың бұрыңғы әкімі енді облыстық жұмыспен қамту басқармасының басшысы атанды, Сагимбаева Баян

Мұғалжар ауданының бұрыңғы әкімі Ербол Данағұлов Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлының ұйғарымымен Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды City04.kz.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің мәлімдеуінше әлеуметтік желідегі ең белсенді әкімдер қатарына еңген Ербол Данағұлов  Мұғалжар ауданы әкімі қызметін шілде айында аяқтаған еді.

3 жыл бойына Мұғалжар таризна қолтаңбасын қалдыруға тырысқан әкім жұртшылықпен бірге екендігін әрдайым әлеуметтік желі арқылы білдіріп отыратын

- Маған білдірген қолдауларыңыз, артқан сенімдеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғысымды білдіремін және жұмыс барысында қаттырақ сөйлеп, артықтау кеткен кездерімді кешіріңіздер,- деп қоштасты әкім.

Кейін жаңа қызметке тағайындалғаны туралы да хабарды дәл осы әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

Өзінің instagram парақшасында "Ақтөбелік жерлестеріне" арнап пост жазған бұрыңғы әкім басшылықтан берілген қызметке кіріскендігін жеткізді.

- Еліміздің дамуына әлеуметтік сала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қолға алынып отырған жобалардың да қосатын үлесі бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саланы дамыту мен азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға үлкен мән беріп отыр.

Алдағы уақыттарда да Ақтөбе облысында әлеуметтік саланың серпін ала түсетініне сенімім мол.

Осындай жауапкершілігі жоғары жауапты қызметке сеніп білдіріп тағайындаған облыс басшысы Оңдасын Сейілұлына алғысымды білдіремін,- деді Ербол Даңағұлов желіде.

Ақнұр ҚУАНЫШ

НОВОСТИ АКТОБЕ ЕРБОЛ ДАНАГУЛОВ ОНДАСЫН ОРАЗАЛИН
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии