16:00, 30 июля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе қоқыстан тазара ма?!

Ақтөбе қоқыстан тазара ма?!

Қазақстанның батыс аймағында орналасқан Ақтөбе облысы әсем көркімен, орнықты позициясымен, даму көрсеткішімен көрініп келе жатқаны мәлім. 2019 жылдың бастау алуымен биліктегі өзгерістер еліміздің де даму бағытына бұған дейін көз жұмылып келген біршама мәселелер қолға алынып жаңа тарихи кезең айқара ашылған болатын.

Қазіргі таңға дейін бұл мәселелер қалай қаралды? City04.kz сайтының тілшісі жинаған материалды ұсынамыз.

Ақтөбе қоқыстан тазара ма?!, фото-1

Жаңа мемлекет басшымыздың бастамасымен жаңа тағайындалған министрден бастап әкімге, мекеме басшысына дейін әлеуметтік бағытты қолға алды.

Ақтөбенің жыл басынан қозғалған мәселесі облыстың экологиялық сипаты-тұғын. Тұрғындардың әлеуметтік желіге түсірген шағымдарын көріп жауапты органдардан мәлім алдық.

Ақтөбе қоқыстан тазара ма?!, фото-2

Дегенмен, бұл шараның, бұл шағымның басталғаны кеше ғана емес екендігін жеткізді Экология департаменті.

Мәселен, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Қауылжыр селолық округінде орналасқан полигондарда қалдықтардың шашылып жатқанына тұрғындар біраздан шағымдарын жеткізген екен. Құзырлы органдардан жауап күткен тұрғындар әлеуметтік желіде жан-айқайларын жасырмады. Қоқысқа толы аймаққа қоса Бершүгір елді мекеніндегі шаң да жергілікті халықтың өмір сүруіне қолайсыздық тудырып жатыр.

Мәселенің түп төркіні сол ауылдың кәсіпорындары экологиялық талаптарды орындамағаны болып отыр. Бұл жөнінде Облыстық экология департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіпті. Алайда бұндай шара жүргізу барысында кәсіпорындар арнайы дайындалып, тексеріске сақадай сай болып отырады екен. 

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнама бойынша кәсіпорындардың пайдаланған қалдықтары полигонға тасталуына талаптар қойылған болатын. Экологиялық талаптарды орындамаған кәсіпорындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларды жабуға тырысамыз. Сондай бір заң бұзу кезінде прокуратураға экология департаменті атынан хат жолдап, кәсіп орынды жауапқа тарттық,- дейді Ақтөбе облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов.

Ақтөбе қоқыстан тазара ма?!, фото-5

Департаменттің мәлімдеуінше тұрғындар тарапынан болған талап-арыз қаралып, тексеріс басталып кетті. Жай тексеріс емес нәтижелі тексеріс болғанын да жеткізді. Бірақ, бұл әзірге жартылай тексеріс. Алғашқы нәтижелерге сүйене отырып толықтай аталмыш мәселелерден құтыламыз деп сөз берді департамент басшысының орынбасары.

Ескертеті мынау: әлеуметтік желіде әуесқой түсіріліммен келіп түскен видеодағы мәселе қаралып дәл қазіргі таңда арнайы зерттеушілер жіберілді.

Облыстың көлемінен қарапайым бір шолып өткендегі жағдай мынау. Ал қалада жағдай мәз бе?

#Birge #TazaQazaqstan акциясы аясында Ақтөбе алғаш болып толықтай ат салысқан өңір болған-ды. Акцияға белсене қатысқан редакция ұжымы Ақтөбенің шет аймақтарындағы табиғат көрінісіне таң болды. Себебі, өзен болсын ашық аумақ болсын адамдар демалысынан соң қоқыстарын жинамай кетіпті. Бұлардың барлығы барша Ақтөбенің экологиясына келтіретін зияның ешбір адам сезінбегені көңіл қарайтады.

Мәселен, Қызылжар ауылына қарасты сенбілікке шыққанымызда ондағы қоқыс барша алқапты алып жатқанын көрдік. Біздің топ, яғни таза Ақтөбе үшін сенбілікке өз еркімен шыққан Ақтөбеліктер қоқыстың барлығын қамтуға күшіміз жетпесе де көлемін азайтуға тырысып бақтық. Нәтиже көзге оттай басылды. Бағанағы шашылып жатқан қоқыстар қаптарғка тап-тиянақтай жиылып, камаздарға тиеліп кете барды. Ал оның артынан самал желден ауа жұтып жасыл желекті жер қалды.

Қарапайым таза көріністі сыйлау үшін еңбектенгенімізге бар болған 2 сағат. Тек қызығыл сол ауылдың тұрғындары осы акцияға бүйрек бұрмағаны болды.

Әлеуметтің санасына үндеу мақсатында, шынында мықтап қолға алу керек дүниені түсіндіру үшін акция қатарына депутаттар, әкім мен әкім орынбасарларынан бөлек қарапайым тұрғындар және ең назар аудартатыны мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар да білек сыбанды.

Бұл әлеуметтік маңызы бар суреттерге назар салып, сіз де осы акцияға үлес қоспасаңыз да қаланы, өз туған жеріңізді ластамауға тырыссаңыз жөн-ақ.

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ҚОҚЫС #АҚТӨБЕДЕГІ ЭКОЛОГИЯ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...