
14:00, 31 июля 2019 г.
Надежный источник
Тоқаев Бас прокурорға түрмедегілерді қинау дерегін жіті тексеруді тапсырды

Мұндай бассыздыққа енді жол бермеу керек.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы түзеу мекемесінде болған оқиғаны өз назарына алды, деп хабарлайды City04.kz.
"Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. Түзету мекемесінің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ҚР ІІМ-не түзеу мекемесін жаңартып, жаңғырту тапсырылды. Мұндай жайттар қайталанбас үшін азаматтық бақылауды күшейту қажет", деп жазды Президент Тwitter-де.
Айта кетсек, 26 шілдеде әлеуметтік желілерде тұтқындарды ұрып-соғып жатқан видео тараған. 29 шілдеде қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Тәртіптік комиссияның шешімімен мекеменің 7 қызметкері жұмыстан босатылды. Атап айтқанда, түрме басшысы мен оның екі орынбасары жұмысынан алынды. Оларды ендігәрі ішкі істер органы жұмысына жолатпау бұйырылды. Сондай-ақ түзету мекемесінің облыстық басшысы да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:22
13 сентября
19:00
11 сентября
16:07
11 сентября
13:48
11 сентября
13:45
11 сентября
22:43
4 сентября
Объявления
15:15, 7 сентября
13
15:15, 7 сентября
119
Комментарии