
09:30, 5 августа 2019 г.
Надежный источник
Оңдасын Оразалин: Біз футболды одан әрі қолдайтын боламыз

Аймақ басшысы «Қобыланды-батыр» атындағы орталық стадионда «Ақтөбе» ФК-ның мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.
Кездесуде ФК-тың бас директоры Самат Смақов, бас жаттықтырушысы Александр Седнев және ойыншылар болды. Жүздесу барысында ойыншылар жеке ойларын айтып, клубқа қатысты мәселелердің шешілу жолдары талқыланды.
Облыс әкімі өз кезегінде спортшыларды жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.
- Ақтөбе өңірі үшін футбол спортының орны ерекше, командада өнер көрсететін 24 ойыншының 19-ы ақтөбеліктер екен, бұл республика бойынша өзге командаларда кездесе бермейтін құбылыс,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
«Ақтөбе» ФК-ның бас жаттықтырушысы Александр Седнев облыс әкіміне арнайы келіп, спортшыларға білдірген қолдауы үшін алғысын білдірді.
- Өкінішке орай, соңғы кездері жанкүйерлеріміздің үмітін ақтай алмадық, сондай сәтсіздіктерге қарамастан үзбей қолдау көрсеткен барлық қолдаушы жанкүйерлерімізге рахметімізді айтқымыз келеді,-деді бас жаттықтырушы.
Ақтөбенің намысын қорғап жүрген ойыншылар кездесу соңында Оңдасын Оразалинге естелікке «Ақтөбе» ФК-ның жейдесін сыйға тарту етті.

Өңір басшысы команданың алдағы ойындарына сәттілік тіледі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Как сократить стоимость внедрения TMS системы: советы и лайфхаки
Новости компаний
11:41
22 мая
19:00
19 мая
Объявления
live comments feed...
Комментарии