Жылу маусымына дайындық жүріп жатыр

Жылу маусымына дайындық жүріп жатыр

«Трансэнерго» АҚ-ы жылу маусымына дайындықты жалғастырып жатыр. Жұмыстың 60 пайызы орындалды, деп хабарлайды City04.kz Aktobenews.kz-ке сілтеме жасап.

Жылу маусымы аяқталған күннен бастап келесі жылға дайындық жүрді. Биыл инвестициялық бағдарлама аясында 312 атқыштар дивизиясы мен Әуе қалашығындағы жылу магистралын ауыстыру жоспарланды.

«Тариф есебінен қаладағы тоғыз нысанда 1,6 шақырым жылу жүйесін жөндеу жоспарланды. Биыл барлығы 258,2 шақырым жылыу жүйесі, 23 қазандық, 6 насос станциясы шағын жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыстың 60 пайызы орындалды», — деп хабарлады «Трансэнерго» АҚ баспасөз қызметкері Әсел Арыстанғалиева.

1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Абай даңғылы мен Тургенев көшесінің қиылысында күрделі жөндеу жүреді. Бұл жердегі 323 метр құбыр ауыстырылады. 25 жыл бойы ауыстырылмаған құбыр шіріп, жарамсыз күйге түскен. 5 тамыздан бастап Есет батыр көшесіндегі 73а, 75, 75а, 77, 79, 81; Абай даңғылындағы 15, 15а, 21а, 21; Тургенев көшесіндені 76к1, 76а, 80а, 80б, 82, 80, 78, 76, 74; және Есет батыр көшесіндегі 75/2 үй мен педагогикалық колледждің жатақханасында уақытша ыстық су болмайды.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии