• Главная
  • Ақтөбе қаласында 62 мұғалім жетпейді
15:00, 6 августа 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе қаласында 62 мұғалім жетпейді

Ақтөбе қаласында 62 мұғалім жетпейді

Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен жиында мектептегі кадр жетіспеушілігі туралы айтылды, деп хабарлайды City04.kz.

Қалада орыс тілінде сабақ жүргізетін мамандар жетіспейді, әсіресе, орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері табылмай жатыр. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің жетекшісі Саян Сүлейменов мәлімдеді.

«Қалада 62 мұғалімнің орны бос. Биыл Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті орыс тілінде сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдерін шығармаған. Ал гуманитарлық колледжден алты-ақ түлек шықты», — деді Саян Сүлейменов.

Қала әкімі Мавр Абдуллин мектептегі кадр мәселесін зерттеуді тапсырды. Бұдан басқа, шаһар басшысы жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жылдам әрі сапалы орындауды талап етті.

Ақпарат aktobenews.kz сайтынан.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...