Алматы облысында дала өртін сөндіру кезінде 3 адам қаза тапты

Алматы облысында дала өртін сөндіру кезінде 3 адам қаза тапты, Сагимбаева Баян

Сонымен қатар, 7 адам түрлі дәрежедегі күйік алды, оның ішінде 1 адам аяғын сындырды.

5 тамызда Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің аумағындағы таулы жерлерде дала өртін сөндіру кезінде 3 адам қаза тапты. Оның біреуі Жаркент орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, қалған екеуі өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан жергілікті тұрғындар, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 7 адам түрлі дәрежедегі күйік алды, оның ішінде 1 адам аяғын сындырды.

Зардап шеккендер Лесновка ауылына тікұшақпен жеткізілді, олар одан әрі Жаркент қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылады.

Оқиға орнында Алматы облысының ТЖД мен Полиция департаментінің жеке құрамынан 59 адам, 13-тен астам арнайы техника, сондай-ақ Жаркент мемлекеттік орман мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Өрт ошағын сөндіруге өрт сөндірушілер және полиция қызметкерлерімен бірге жергілікті тұрғындар, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдар жұмылдырылды.

Таулы жердегі өртті сөндіру қиындық туғызуына байланысты суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. Жақын маңда су алатын айдын-көл болмағандықтан, әуе кемесі адамдарды тасымалдап, қоржынды бүріккіштерді сумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді.

Табиғи апатпен күрес аса қиын жағдайда өтті. Күрделі метеожағдайда айналаның көрінуі нашар болды, өрт сөндірушілерге көп күш жұмсауға тура келді.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Өрт ошақтарын оқшаулау үшін қосымша күштер мен құралдар тартылды. Оқиға орнына тағы бір «Қазавиақұтқару» тікұшағы жіберілді.
Жағдай қатаң бақылауда.

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайларды жою кезінде қаза тапқан және зардап шеккендердің отбастарына көңіл айтады.

НОВОСТИ АКТОБЕ алматы новости казахстана
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии