• Главная
  • Арыстағы апат: Тоқаев Сәкен Жасұзақовты ҚР Қарулы Күштері жүйесінен қуып шықты
12:30, 8 августа 2019 г.
Надежный источник

Арыстағы апат: Тоқаев Сәкен Жасұзақовты ҚР Қарулы Күштері жүйесінен қуып шықты

Арыстағы апат: Тоқаев Сәкен Жасұзақовты ҚР Қарулы Күштері жүйесінен қуып шықты

Оған Арыс қаласындағы төтенше жағдай себеп болған.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты ҚР Қарулы Күштері жүйесінен шығарған Өкімге қол қойды, деп хабарлайды City04.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Оған Арыс қаласындағы төтенше жағдай себеп болған.

"Мемлекет басшысының Өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін:

ҚР Қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов ҚР Қарулы Күштері жүйесінен шығарылды.

Одан бөлек тағы мына лауазымды тұлғаларға:

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа;

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды" делінген Президент Өкімінде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...