Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басшысын қабылдады, Сагимбаева Баян

Мемлекет басшысына орталықтың ағымдағы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері, алдағы даму мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлайды City04.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына орталықтың ағымдағы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері, алдағы даму мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Юрий Пя Президентке жұмыс істеп тұрған орталықтың негізінде ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесін құру жоспары туралы айтты. Аталған жоба халықаралық серіктестермен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Президенті орталықтың дамуына ұдайы қолдау көрсететінін айтып, еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын арттырып, қолжетімді ете түсудің өте маңызды екенін атап өтті.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии