• Главная
  • Ақтөбе вокзалында баланың еміне арналған 1 жарым миллионды ұрлап кетті
10:38, 9 августа 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе вокзалында баланың еміне арналған 1 жарым миллионды ұрлап кетті

Ақтөбе вокзалында баланың еміне арналған 1 жарым миллионды ұрлап кетті

Күні кеше Ақтөбе теміржол вокзалында көліктен ұрылар 1 500 000 теңгені қолды қылды, деп хабарлайды City04.kz.

Ұрлық тапа-тал түсте теміржол вокзалына билет алу үшін келген Ақтөбелік тұрғынның көлігінде орын алды.

Көлік иесі Сырым Кобеков пен оның жұбайы Бақытгүл баласының еміне жұмсамақ болған ақшаны ұрылар қолды қылып, не істерін білмей дал болуда.

Олардың айтуынша втокөліктерін сатып, одан түскен ақшаға баласын емдетпек болған. Себебі, ерлі-зайыптылардың 3 жасар баласына аутизм диагнозы қойылған.

Теміржол вокзалына елорда жол тартпақ болып билет алуға келген екеуі қапыда бар үміттерін қолды қылды.

Билет алуға кірген жұбайының көп бөгелгеніне алаңдап ішке кірмек болған Сырым "машинамның есігі 5 қадамнан кейін ашылып кеткенін байқадым" дейді. Бірақ бұрыннан ақауына болғанына байланысты еш мән бермей қайтадан жауып кете барған.

Ақылы тұраққа қойылған көліктерінен бар болған 10 минут тасада болған жұбайлар қомақты қаражатынан айырылып қалды. Ұрыларға 10 минут жеткілікті болыпты.

- Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жедел іздестіру шаралары жүргізілуде,- деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #УКРАЛИ ПОЛТОРА МИЛЛИОНА В АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...