• Главная
  • «Энергетик-шұғыла» жазғы сауықтыру лагерінде қауіпсіздік ережелерін оқыту
16:00, 10 августа 2019 г.
Надежный источник

«Энергетик-шұғыла» жазғы сауықтыру лагерінде қауіпсіздік ережелерін оқыту

«Энергетик-шұғыла» жазғы сауықтыру лагерінде қауіпсіздік ережелерін оқыту

Ақтөбе қаласы ТЖБ қызметкерлері жазғы балалар лагерлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды City04.kz Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасай.

Бұл жолы қызметкерлер "Энергетик-Шұғыла" балалар сауықтыру лагеріне барды, онда қала және аудан мектептерінің оқушылары, сондай-ақ Қызылорда облысы, Арыс қаласынан келген балалар жазғы демалысын өткізуде.

Басқарма қызметкерлері оларға жазғы демалыс кезінде өрт қауіпсіздік ережелері туралы айтып, өрттің алғашқы белгілері кезінде өрт сөндіргішті қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетті. Сондай-ақ, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тәрбиешілерге және балаларға РФ Хабаровск өлкесіндегі балалар шатырлы лагерінде болған өрт туралы айтылды, онда өрт салдарынан бірнеше бала зардап шегіп, бір бала қаза болды.

Қызметкерлер тыңдаушылардың барлық сұрақтарына толық және түсінікті түрде жауап берді.

Балаларға ескерту сипатындағы жадынамалар мен буклеттер таратылды. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ

Комментарии

Объявления
live comments feed...