• Главная
  • Қарағанды облысында жергілікті жұмысшылар шетелдіктермен қақтығысты
11:51, 13 августа 2019 г.
Надежный источник

Қарағанды облысында жергілікті жұмысшылар шетелдіктермен қақтығысты

Қарағанды облысында жергілікті жұмысшылар шетелдіктермен қақтығысты

Қарағанды облысында жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжал шықты, - деп хабарлайды City04.kz Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған. Жанжал салдарынан кен-байыту комбинатының бірнеше шетелдік жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Опять забастовка при участий иностранцев. Конфликт между иностранцами Караганда

Бұл жағдайды реттеу үшін оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов барды. Өңір басшысы жергілікті тұрғындармен және комбинат жұмысшыларымен кездесті.

- Кездесу нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Ауылдағы жағдай бірқалыпты, облыс әкімінің бақылауында, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Жанжалдың себебі әзірше белгісіз.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...