Полицейлерге ұстатпай қашқан Ақтөбелік жүргізушінің видеосы талқыға түсті

Полицейлерге ұстатпай қашқан Ақтөбелік жүргізушінің видеосы талқыға түсті, Сагимбаева Баян

Оқиға үстіміздегі жылдың маусымының 20-сы орын алып, ондағы түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға салынуда, деп жеткізеді City04.kz.

Видеодағы көрініске қарағанда Заречный трассасының бойымен қашқан жеңіл автокөлік полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан жылдамдықты асыра сілтеген.

Трасса бойымен қашқан жеңіл автокөлік иесі соңынан қуалаған полицейлерді ұстатпай біраз әлекке салды.

Аталмыш видео жақын аралықта ғана шықса да бұл оқиға маусымның ортасында болып кеткен екен.

- Оқиға бойынша іс қозғалып жүргізушіні құрықтау жұмыстары жүргізілді. Автокөлік иесі мас күйінде рөлге отырғаны белгілі болып, жүргізуші 3 жылға көлік айдау куәлігінен айырылды,- деп мәлімдеді Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Саркулов.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии