Қазақстандық парашютшілер Халықаралық армиялық ойындарда екінші орынды иеленді

Қазақстандық парашютшілер Халықаралық армиялық ойындарда екінші орынды иеленді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Парашюттік дайындық Орталығының әскери қызметшілері «Десанттық взвод» Конкурсының «Дәлдікке секіру» дисциплинасында күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды City04.kz.

Ресей Федерациясының Псков облысында өтіп жатқан «Десанттық взвод» конкурсының аса қиын кезеңдерінің бірі, десантшылардың дәлдікке жеке секіру сынағы болды. Секірулер «қанат» классификациясындағы басқарылатын сериялық парашюттік жүйелерімен жасалынды. Аталмыш кезеңде 21 елдің десантшы-парашютисттері тартысқа түсті.

Қазақстандық парашютшілер Халықаралық армиялық ойындарда екінші орынды иеленді, фото-1

Парашютпен дәлдікке секіру Ми-8 тікұшақтарынан 1200-1300 метр биіктіктен орындалды. Олардың секіру интервалдары үш секундті құрап, еркін қалықтау жағдайында да үш секундтан кем болмауы тиіс болатын. Ереже бойынша парашютисттер әскери киім үлгіде, қару-жарақпен және десантшылар шлемінде болуы тиісті. Жерге қону барысында диаметрі 10 метрді құрайтын қызыл шеңберге аяқтарын тигізуі қажет еді. Нәтижені есептеу щеңбердің ортасында орналысқан қызыл жастықшадан жүргізіліп отырды. Әр елден үш десантшы секіріп, олардың щеңбер ортасынан ауытқыған қашықтық соммасы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Қазақстандық парашютшілер Халықаралық армиялық ойындарда екінші орынды иеленді, фото-2 Қазақстандық парашютшілер Халықаралық армиялық ойындарда екінші орынды иеленді, фото-3 Қазақстандық парашютшілер Халықаралық армиялық ойындарда екінші орынды иеленді, фото-4

Осы кезеңнің нәтижесінде Қазақстандық десантшылар екінші орынды иеленді. Олар Беларусь Республикасы десантшыларынан 50 сантиметрге ғана ұтылды, үшінші орынды Марокко елінің әскерилері иеленді. Қазақстандық десантшылар арасында үздік нәтижені майор Вячеслав Лопарев көрсетті. Ол щеңбердің дәл ортасына қонып, барлығын таң қалдырды.

Қазақстандық команданың нұсқаушы-парашютисті майор Азамат Абдірайымның айтуы бойынша:

- Қазақстандың парашютистер сайыстың осы кезеңіне 7 секциялық парашюттік жүйесімен дайындалған болатын, алайды осы жерге келгенде төрешілер коллегиясы біздің парашюттерді спорттық деп танып, өздерінің 9 секциялы Арбалет-2 парашюттік жүйесін ұсынды. Алайда соған қарамастан, таныстық секірулерді жасамай ақ, бейтаныс парашюттермен біздің жігіттер жақсы нәтиже көрсете білді, - деп ойымен бөлісті.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии