Абат-Байтақ қорымындағы құлпытастар: Қыз әулие зиратындағы құлпытас ер адамдікі болып шықты

Шығыстану институтының мамандарыҚобда жеріндегі Абат-Байтақ қорымында болды, деп хабарлайды Сity04.kz

Ақтөбе өңіріндегі көне құлпытастар мен олардағы араб графикасымен жазылған мәтіндерді зерттеу мақсатында Алматыдағы Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтынан келген мамандар бүгінге дейін біздің жеріміздегі бірнеше ескі қорымда болды. Солардың арасында «Қазақстанның киелі жерлері географиясына» енген нысан Қобда жеріндегі Абат-Байтақ қорымы бар. Мамандар әзірге мұнда 115 құлпытасты тізімге алып, олардың мәтіндерімен танысып шыққан.

— Құлпытастардағы жазулар олардың басым бөлігінің ХІХ ғасырға тән екенін айғақтайды. Негізінен, табын, кете руларының адамдары көбірек кездесті. Бұрынғы жазуларда батыр, би, мырза, қажы деп, жерленген адамның қоғамдағы атақ-дәрежесі қоса көрсетіліп отырған. Ондай құлпытастар да кезікті. Сондай-ақ, құлпытасты жасаған Нұрәлі атты шебердің де аты-жөнін көрдік, — дейді Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, араб тілі маманы Бағдат Дүйсенов.

Экспедициялық топтың жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Дина Медерова Ақтөбе өңіріндегі құлпытастарға тән ерекшелік — өрнектердің көптігі екенін атап өтті:

— Құлпытастар жақсы сақталған, сондай-ақ өрнектердің өте көп кездесетіндігімен ерекшеленеді. Ұзына бойы және төрт жағы да өрнекке толы боп келетін құлпытастарды кездестірдік, — дейді ол.

Мамандар осы қорымдағы жұртшылық ерекше қастерлейтін Қыз әулие зираты жанындағы көне құлпытастың мәтінін оқи келіп, оның ер адамның құлпытасы екенін анықтаған. Әрине, бұл «зиратта ер адам жатыр» дегенді білдірмейді. Өйткені, зиратқа жақын жатқан көне сынық құлпытасты мұнда біреулер кейіннен әкеліп қойған.

Экспедиция барысында анықталған эпитафиялық мәтіндер зерттеліп, ғылыми айналымға түсіріледі.

Ал өлкетанушы, ескерткіштерді зерттеу және қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Бекарыстан Мырзабайдың айтуынша, Абат-Байтақ — арғы заманнан келе жатқан өте көне қорым. Қорым аумағында тіпті біздің заманымызға дейінгі дәуірлерге тән сармат ескерткіштері де бар. Қорымдағы басты кесененің иесі кім екені де әзірге анықталмай отыр.

— Ауызша деректер бойынша, бұған байланысты екі болжам бар. Біріншіден, Асан Қайғының баласы Абат батырға арнап салынған кесене делінсе, ал екінші нұсқа бойынша, мұнда Жошының баласы, әйгілі Бату ханның бауыры Байтақ әулие жерленген. Осы соңғы дерек шындыққа жанасатын секілді. Өйткені 2004 жылы жүргізілген қазба жұмыстары барысында мұнда төре тұқымы жерленген деген болжам жасалды, — дейді Бекарыстан Мырзабай.

Дәулет Керей

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Бизнес
В Актобе завершился конкурс грантов на открытие бизнеса по программе «Дорожная карта бизнеса-2020». О конкурсе грантов в ходе выступления на площадке региональной службы коммуникаций рассказал руководитель управления предпринимательства Нурхан Тлеумуратов. По словам Н. Тлеумуратова, на конкурс грантов поступило в этом году 204 заявки, из них в результате работы комиссии было отобрано 34 лучших проекта. «В этом году на финансирование грантов из бюджета было...
Общество
Проект запущен при поддержке посольства Израиля в Казахстане. Социальный проект школа-мастерская «Қадам» реализуется с целью вовлечения родителей детей с аутизмом в трудовую деятельность, в самореализацию с перспективой трудоустройства и открытия своего дела. На первом этапе реализации проекта участвуют 14 мам ОО «Ассоциация родителей детей с аутизмом «РАСтемка». Они будут постигать азы швейного дела, учиться применять навыки не только в бытовой повседневн...
Спорт
«Актобе» в матче третьего тура Первой лиги победил с крупным счетом «Байконур» – 5:0.«Актобе» – «Байконур» – 5:0. Голы: Олег Чернышов 1, Бобан Джорджевич 25, 61, Владислав Прокопенко 41, Рифат Нурмугамет 88. Предупреждения: Танжариков Адильхан 22, Темирхан Рустам 45+1, Джорджевич Бобан 77, Жахаев Айбол 89. «Актобе»: Нарзикулов Жасур (к), Куаджа Куасси, Джорджевич Бобан, Танжариков Адильхан (Саулет Ардак 67), Темирхан Рустам, Кукеев Жамбыл (Нурмугамет Рифат...
Экология
В Актобе насчитали больше 330 тысяч деревьев. Специалисты провели инвентаризацию и создали единую электронную базу данных зелёных насаждений, сообщает корреспондент «Хабар 24». Теперь у каждого дерева есть свой паспорт, в котором указано его местоположение, вид, возраст и стоимость. Учитывая резко континентальный климат, в областном центре лучше всего приживаются вяз, мелколистный и клён. А всего в городе растут почти 60 видов деревьев, в том числе и красн...
Криминал
С прошлого года ликвидировано более 50 подпольных цехов по производству суррогатной алкогольной продукции. Об этом сообщил председатель Комитета по финансовому мониторингу МФ РК Жанат Элиманов. «Из нелегального оборота изъято свыше полутора миллионов бутылок, около 400 тысяч литров спирта, а также 500 тысяч поддельных учетно-контрольных марок», - сказал Жанат Элиманов во время онлайн-брифинга в СЦК. Он привел примеры. «К примеру, один из производителей вод...
Криминал
Сотрудники следственного изолятора Департамента уголовно-исполнительной системы по Актюбинской области при обыске и досмотре передач гражданина, прибывшего на встречу с осужденным, обнаружили и изъяли из баурсака мини телефон “Nokia”, завернутого в фольгу. Пришедший на свидание 24-летний житель Актюбинской области пытался передать запрещенный предмет своему брату, который содержится под стражей по обвинению в распространении наркотиков. “Посетитель в своем...
Общество
Жители нескольких многоэтажек в центре Актобе вот уже месяц сидят без горячей воды. На участке ведутся ремонтные работы. Представители подрядной организации согласно договору с водоснабжающим предприятием меняют изношенные трубы на более современные. Завершить реконструкцию сетей планировали до 10 сентября, однако уложиться в сроки рабочим не удалось. В середине августа в этом дворе появились экскаваторы, погрузчики и КАМАЗы. Специалисты частной фирмы прис...
Общество
В Актобе смягчили карантинные меры. Там разрешили работать ресторанам и кафе, расположенным в торгово-развлекательных центрах. Однако количество посадочных мест не должно превышать 50 человек. Фудкорты при этом останутся закрытыми. Кроме того, смогут возобновить свою деятельность театры, при заполняемости залов не более 50% и кинотеатры на открытом воздухе. Работать объектам разрешили при строгом соблюдении масочного режима и социальной дистанции. Отметим,...
Происшествия
В Актобе в результате ДТП погиб 5-летний ребенок. 17 сентября 40-летний водитель автомашины «КАМАЗ-65115», двигаясь по улице Жумабаева со стороны улицы Озерная в направлении улицы Мехколонна, допустил наезд на несовершеннолетнего мальчика. Ребенок переходил дорогу вне пешеходного перехода. В результате ДТП 5-летний мальчик от полученных травм, не приходя в сознание, скончался на месте происшествия. «По данному факту проводятся следственные действия», - про...