• Главная
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет
15:25, 15 августа 2019 г.
Надежный источник

Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет

Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет

Бүгін жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Табылғанов​ Ақтөбе қаласының полиция басқармасының кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлармен кездесу өткізіп, Халықаралық жастар күніне орай қала әкімінің орынбасары А.Арынғазиева алғыс хаттармен марапаттады, деп хабарлайды City04.kz.

Кездесу барысында Табылғанов алдағы жоспарларымен бөлісті. Соның ішінде жастар мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау шаралары жөнінде ойларын талқыға салды. 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

​ ​ ​ Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б. ​ ​

 ​ Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...