Жергілікті бюджет есебінен кімдер грантқа ие болды?

Жергілікті бюджет есебінен кімдер грантқа ие болды?, Сагимбаева Баян

Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова @rsk_aktobe - де өткен баспасөз маслихатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен және ҚР Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен гранттарды бөлу туралы баяндады, деп хабарлайды City04.kz.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлген 100 грантына жалпы 269 үміткер құжат тапсырған. Олардың 77-сі аталған грантқа ие болды. Ақтөбе облысына қажетті 15 мамандық бойынша ЖОО-да білім алатын болады. Ал, қалған 23 грант резидентура бағыты болғандықтан нәтижесі алдағы тамыздың 25-нен соң анықталады.

Сондай-ақ, мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алушы, және көпбалалы отбасының балаларына арналған ҚР Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен бөлінген 180 грантына 154 бала құжат тапсырған. Құжаттары мен жинаған бал көрсеткіштері бойынша талапқа сай болған 120 бала осы грантқа ие болды. Дегенмен комиссия мүшелері қалған 34 баланың атаулы әлеуметтік көмек алатын және көп балалы отбасыдан шыққанын ескеріп, олардың ЖОО-да білім алуына шешім қабылдады.
Грант иегерлерінің толық тізімі @rsk_aktobe парақшасының келесі жарияланымдарынан көре аласыздар.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии