09:00, 19 августа 2019 г.
Надежный источник

Үздіктер арасындағы полиглот

Үздіктер арасындағы полиглот

Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар шеңберінде, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстық «Полиглот» байқауын өткізді, деп хабарлайды City04.kz.

Байқауда Департамент бөлімшелерінің қызметкерлері бақ сынасты. Сонымен бірге, қазылар алқасы ретінде Білім басқармасы жанындағы «Тілдерді оқыту орталығының» оқытушылары шақырылды.

Байқаудың мақсаты-тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, тағы басқа да тілдерді еркін меңгерген қызметкерлерді анықтау.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құжаттармен қамтамасыз ету тобының инспекторы Зура Құрманалина, Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Ардақ Утенов, Департаменттің топ құқығындағы штабтың аға инспекторы Нұрбек Оралбаев және күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчері Аслан Мекебаев қатысты.

«Полиглот» байқауына қатысушылардың алдына қойылған басты міндет – үш тілді білу деңгейін көрсету, терминдердің аудармасын жасау және айту болды. Байқау бес кезеңнен тұрды:

1.Таныстыру;

2.Төтенше жағдайлар саласы бойынша терминдерді аудару;

3.Қазақ халқының салт-дәстүріне, тұрмысы мен мәдениетіне байланысты сұрақтар;

4.Берілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ахуалды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бағалап, сипаттап беру

5.Экранда кириллицамен берілген сөздерді латын графикасында жазу.

Барлық қатысушылар қазақ мәдениеті мен халық дәстүрлерін терең білетіндерін көрсетті, сауатты, қатесіз латын әліпбиінде жазу тапсырмасын орындады, сондай-ақ ағылшын тілінде емін-еркін жауап берді.

Қазылар алқасының шешімімен өз қарсыластарын айтарлықтай озып шыққан Оралбаев Нұрбек Әмірханұлы үздік деп танылды. Ол ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы Көкшетау қаласының ТЖД-да өтетін республикалық байқауға қатысатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...