• Главная
  • Ақтөбеде Кәсіпкерлер палатасы бизнестің негіздерін оқытатын 200-ге жуық мұғалімді дайындайды
12:15, 19 августа 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде Кәсіпкерлер палатасы бизнестің негіздерін оқытатын 200-ге жуық мұғалімді дайындайды

Ақтөбеде  Кәсіпкерлер палатасы бизнестің негіздерін оқытатын 200-ге жуық мұғалімді дайындайды

Оқу екі ағымда 19-29 тамыз бен 2 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін өтеді

Арнайы қысқа мерзімді курстарға «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытуды жоспарлаған мектептер, колледждер мен университеттің мұғалімдері мен оқытушылары қатысады, деп хабарлайды City04.kz.

Оқыту жұмыстарына 96 мектеп мұғалімдері, 47 колледж оқытушылары және 29 жоғары оқу орнының оқытушылары қатыспақшы. Мұғалімдермен жұмыс жасауға қазіргі белсенді кәсіпкерлер, бизнес-жаттықтырушылар, тәлімгерлер тартылды. Оқу тек курстармен шектелмейді. Оқушылар мен оқытушылар atameken.com онлайн платформасында қосымша білім ала алады.

Оқытушыларды даярлау 2019 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап,10-шы сынып оқушыларының сабақ кестесінежаңа«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»элективті пәнін енгізу аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік негіздерін мемлекеттікколледждер мен жоғарғы оқу орныныңжоғарғы курс студенттері оқитын болады.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.Жобаның мақсаты- өскелең ұрпақ арасында іскерлік ойлауды қалыптастыру, сонымен қатар жаппай кәсіпкерлік идеяларын кеңінен таныту.

«Кәсіпкерлік негіздері» - Қазақстандағы кәсіпкерлік сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін жүйе. Пән аптасына 2 рет оқытылады деп жоспарлануда. Жылына барлығы 68 сабақ. Оның 30%-теория 70%-практика. Бағдарлама теориялық зерттеулерден, ойын түріндегі практикалық сабақтардан, бизнес жағдайларды талдаудан және бизнес ойындардан тұрады. Мұғалімдер үшін семинарлар ұйымдастырылады. Бизнес-тренерлер мұғалімдерді «Кәсіпкерлік негіздері» курсымен толық таныстырады.

- Айта кету керек, қазір жас ұрпаққа кәсіпкерлік және қаржылық менеджмент туралы білім қажет. Басқа ешқандай пән оқушылар мен студенттердің кәсіпкерліктің негіздері туралы ойын қалыптастыра алмайды. Өткен жылы жаңа пән пилоттық режимде еліміздің он жеті мектебінде оқытылған болатын. Бұндай апробация Ақтөбеде №20-шы мектеп-лицейінде өтті», - деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова.

Бұл пән «Бастау» практикалық тәжірибесіне негізделген және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңа пән іскери тұрғыда ойлауды қалыптастыруға, экономикалық терминологияны оқуға ықпал етеді. Пән аясында мектеп оқушылары мен студенттер заманауи стартап мәдениетін, компаниялардың ұйымдық құрылымын, қаржылық есеп, баға, бәсекелестік түрлері, SWOT-талдау, маркетингтік коммуникациялар және тағы басқаларын оқиды.

Ақтөбеде мектеп мұғалімдерін оқыту «Өрлеу» БАҰО» АҚ педогог мамандардың біліктілігін арттыру институының филиалында, колледж оқытушыларын оқыту автожол колледжінің базасында және жоғары оқу орнының оқытушыларына сабақ Қ.Жұбанов университетінде өтеді.

Ақтөбеде  Кәсіпкерлер палатасы бизнестің негіздерін оқытатын 200-ге жуық мұғалімді дайындайды, фото-8

Курстардың салтанатты ашылуы «Өрлеу» педогог мамандардың біліктілігін арттыру институтында өтті. Жобаның ашылу салтанатына Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының директоры Анар Даржанова , тренерлер мен курс қатысушылары қатысты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...