Азық дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Азық дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі, Сагимбаева Баян

Ең өкініштісі, мал азығын дайындау кезінде, егін жинау кезіндегі сияқты от санаулы минуттардың ішінде ауылдық тауар өндірушілердің көп айлық еңбегін жойып жібереді.

Қобда ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ауыл тұрғындарынан, шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтердің басшыларынан шөп сақтау және қойма орындарына жем-шөпті жинау және тасымалдау бойынша сенімді техниканы дұрыс ұйымдастыруға және дайындауға ерекше назар аударуды сұрайды. Бұл шаралар көп уақытты және миллиондаған шығынды қажет етпейді, есесіне өнімді сақтайды. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын тағы да еске саламыз.

Шөп дайындау және жинау үшін ұшқын сөндіргіштермен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған автотехника ғана рұқсат етіледі.

Шөп жинау аумағы жанғыш қоқыстан тазартылып, минералдандырылған жолақтармен қоршалуы тиіс. Шөпті тұрғын үй құрылыстарына жақын жерде, қашалардың шатырларында жинауға болмайды, сондай-ақ олардың өтпе жолдарын үйіп тастауға болмайды. Шөпті көлікпен тасымалдау кезінде тиелген шөптің оңтайлы биіктігін сақтау қажет, ол 4,5 метрден аспауы тиіс.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии