• Главная
  • "Биіктіктен қауіпсіздіктің алдын алу": Дронмен жүргізілген рейд
17:30, 21 августа 2019 г.
Надежный источник

"Биіктіктен қауіпсіздіктің алдын алу": Дронмен жүргізілген рейд

"Биіктіктен қауіпсіздіктің алдын алу": Дронмен жүргізілген рейд

Алға аудандық Төтенше жағдайлар қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып өрттің алдын алу мақсатында кешкі рейдтер ұйымдастырды, деп хабарлайды City04.kz.

Көктемнен бастап бүгінгі күнге дейін жеке үйлердің тұрғындары аулаларды тазалап, аулаларда қоқысты өртеп жатыр. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау себебінен қоқысты жағу кезінде үйлердің, қоралардың, шаруашылық құрылыстардың, сондай-ақ жануарларға арналған қысқа дайындалған жем-шөптердің жануы орын алады. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 20 тамызынан бастап Алға аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) пайдаланып кешкі рейдтер жүргізе бастады.

"Биіктіктен қауіпсіздіктің алдын алу": Дронмен жүргізілген рейд, фото-1

Шаралар барысында жеке үйлердің аулаларында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (қоқыстарды жағу) бойынша 2 факті анықталған. Үй иелеріне рейдтің мақсаты түсіндіріліп, бейне және фототүсірілімдер ұсынылып, ескерту берілді.

- Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде жоғарыда айтылған үй иелерінің жинаған мүлкін өрттен құтқарып қалдық деп үміттенеміз. Бұл іс-шара күн сайын кешкі уақытта өткізілетін болады,- деп мәлімдеді Алға аудандық ТЖБ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #ТЖД АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...