Қайырымдылық - қайырлы іс: Ақтөбелік Жас сақшылардың "Мектепке жол" акциясы

Қайырымдылық - қайырлы іс: Ақтөбелік Жас сақшылардың "Мектепке жол" акциясы

Ақтөбе облысында тұрғындар назарына қайырымды істі бастауға шақырған "Жас сақшы" жастар жасағының еріктілері "Мектепке жол" акциясын бастамақшы, деп хабарлайды City04.kz.

"Мектепке жол" деп аталған акция атына затына сай мектепке баруға үмітті оқушыларға көмек көрсетпекші. Себебі, Ақтөбе облысында бұндай акциялар жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы отбасылар үшін аса қажет.

Дейтініміз, қомақты қаражат жиналуға мақсат тұтпаса да, сауапты іске бастау алған жастар жасағының басшысы Нұрбек секілді қоғам жастарының өкілі бірнеше балаларға көмек боларына үмітті.

- Қайырымдылық бағытта шаралар, акциялар ұйымдастырып тұрамыз. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-ана үшін міндет - балаларын мектепке әзір қылу. Өкінішке орай, кейбір ата-аналарда мұндай мүмкіншілік жоқ, - дейді "Жас сақшы" жастар жасағының басшысы Жалғасбаев Нұрбек.

Акция барысында өтініш жасаған жалғыз басты ана мен көп балалы жағдайы төмен отбасы да бар. Оған қоса №8 орта мектебінен де хабарласқандар болыпты.

Шараның жүзеге асуына ат салысам деушілер үшін төменде шот нөмірлерін қалдырамыз.

Сауапты іс жасауға шақыратын дүйімді біз де қолымыздан келгенімізше қолдай білейік!

"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" қайырымдылық акциясына өз үлесінді қос.

  • Байланыс телефоны: +7705 917 49 02
  • Kaspi Gold: 5169 4931 0697 1180

Ақнұр ҚУАНЫШ

НОВОСТИ АКТОБЕ МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии