• Главная
  • Жас лейтенанттар мен сержанттар Қарулы күштердің қатарын толықтырды
12:23, 24 августа 2019 г.
Надежный источник

Жас лейтенанттар мен сержанттар Қарулы күштердің қатарын толықтырды

Жас лейтенанттар мен сержанттар  Қарулы күштердің қатарын толықтырды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қарамағына келген 2019 жылғы әскери оқу орнының  120-дан астам офицерлері мен кадеттері лауазымға тағайындалар алдындағы жиындарын өтуде, деп хабарлайды City04.kz.

Қазақстандық және шетелдік жоғары әскери оқу орындары мен Қорғаныс Министрлігінің Кадет Корпусын аяқтаған биылғы түлектер «Батыс» өңірілік қолбасшылығына жетіп, Ақтау қаласында алғашқы оқу жиындарынан өтуде. Он күндік жиынның барысында жас әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша сабақтар, әскери техника мен қару-жарақты қолдану, жеке құраммен жұмыс жасауды ұйымдастыру бойынша тренингтер өтуде.

Биылғы жылы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына 60-тан астам жас офицерлер мен 70-ке жуық жас сержанттар келіп қосылды, олар Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарындағы әскери бөлімдері бойынша жолдама алды.

Жиын қортындыcы бойынша үздіктердің қатарында лейтенант Жұмағазиев Ердос (30238 әскери бөлімі, Актобе қ.) және лейтенант Ғалымзат Нұрислам (99116 әскери бөлімі, Бейнеу ауылы) көрінді. Шоқан Уалиханов атындағы Кадет Корпусының түлектері арасынан кіші сержант Әділет Серікбаев (41433 әскери бөлімі, Атырау қ.) көзге түсті. Олар тактикалық, дене және атыс дайындығынан жақсы нәтижелер көрсете білді. Сонымен қоса, жас офицерлердің арасында Қытай Халық Республикасында оқып келген түлектер де болды, жақын арада Түркиядағы «Гүлхане» Әскери-медициналық Академияда оқыған медицина қызметінің лейтенанттары келуі тиісті.

- Бірнеше жылдан бері жас офицерлер мен сержанттардың жиының өткізіп келемін. Оның барысында жыл сайын жас офицерлердің теориялық дайындығының және кәсіби әзірлігінің артып жатқан тенденциясын бақылаудамын. Бұл өз кезегінде әскери кадрларды дайындау кезіндеге тиянақтылық пен жауапкершіліктің бар екенің, жеке құрамның әскери өмірге толық дайын командирлердің қолына тапсырылып жатқанын білдіреді, - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығын әскерлері қолбасшысының орынбасары тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Серик Сейітбаев.

Жиынның аяқталуымен жас офицерлер мен сержанттар алғаш лауазымдарына тағайындалып,өз міндеттерін орындауға кіріседі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #батыс #западная вооруженная сила

Комментарии

Объявления
live comments feed...