• Главная
  • Ақтөбелік полицейлер «Мектепке жол» акциясын қортындылады
13:45, 28 августа 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік полицейлер «Мектепке жол» акциясын қортындылады

Ақтөбелік полицейлер «Мектепке жол» акциясын қортындылады

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы биылғы жылы 2019 жылғы 3 шілде – 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүрекке!» ұранымен өткізілуде, деп хабарлайды City04.kz.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын ескерту үшін көмек көрсету болып табылады.

Акцияның әлеуметтік маңыздылығын және оң қоғамдық резонансты ескере отырып, осы іс-шараға Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жеке құрамы да ат салысуда.

28 тамызда акцияның қортындылау барысында оқушылар облыстық департаментке шақырту алды. Шара барсында Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Арыстанов А., балалармен жеке кездесіп, жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, мектеп құралдары салынған рюкзактар мен әр қайсысына 50 мың теңгелік конверттер ұсынды.

Биылғы жылы Полиция департаменті қызметкерлерінің жеке қаражаты есебінен облыс бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 53 бала 2 057 000 (екі миллион елу жеті мың) теңгеге мектепке қажетті киім-кешек және кеңсе құралдарымен қамтамасыз етілді.

- Бүгін ыстық ықыласымызды білдіру үшін бірнеше бүлдіршінді ортамызға шақырып отырмыз. Балдар біздің болашағымыз. Бүкіл оқушыларға оқуда озат болып, еліміздің беделді азаматы болуға тілектеспін - деп Полиция департаментінің басшысы Арыстанов Атығай шараны қортындылады

Полиция департаментінің бастығы балаларды жол ережелерін сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Департаменттің мәліметінше жыл басынан облыс аумағында балдардың қатысуымен 114 ЖҚО тіркеліп, 9 көз жұмды және 123 жарақаттанды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #ПОЛИЦЕЙСКИЕ АКТОБЕ #МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

Комментарии

Объявления
live comments feed...