• Главная
  • Жылыту маусымына дайындық: Ырғыздықтардың өрт қауіпсіздігі
14:00, 29 августа 2019 г.
Надежный источник

Жылыту маусымына дайындық: Ырғыздықтардың өрт қауіпсіздігі

Жылыту маусымына дайындық: Ырғыздықтардың өрт қауіпсіздігі

Ырғыз ауданының ТЖБ және 12-ӨСБ қызметкерлері жылыту маусымы басталар алдында тұрғын үйлерден өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлайды City04.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – жылыту маусымы кезінде тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, балалардың отпен ойнауының алдын алу, пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, улы газдың пайда болуы туралы, сондай-ақ дабыл қаққыштардың тиімділігі туралы ескерту.

Ең алдымен әлеуметтік осал топтар қамтылды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес Ырғыз ауданында 408 көп балалы отбасы, 154 аз қамтылған отбасы, 2 жалғыз басты мүгедек, 4 жалғыз басты зейнеткер, 3 әлеуметтік өмір салтына қарсы ұстанымды адам тізімі жасалып, азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлеріне аталған тізім бойынша үйлерді аралау бекітілді.

Ырғыз аудандық Төтенше жағдайлар бөлімшесінің мәліметінше қазіргі уақытта қызметкерлер аудан аумағында 237 тұрғын үйді аралап шықты. Тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар мен ұсынымдар берілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #ИРГИЗСКИЙ РАЙОН #ТЖБ ИРГИЗ

Комментарии

Объявления
live comments feed...