Әнұранды жолдама қылған Алаштық жастар

Әнұранды жолдама қылған Алаштық жастар, Сагимбаева Баян

Ата заңымызға арналған арнайы мейрамымызда Ақтөбелік белсенді "Алаш" қоғамдық бірлестік әнұран айтып жаңа жолдаманы тарту етті, деп хабарлайды City04.kz.

Әнұранды жолдама қылған Алаштық жастар, фото-1 Әнұранды жолдама қылған Алаштық жастар, фото-2

30 тамыз - ҚР Конституция күні. Ата заң мерекемізде әртүрлі шарамен қала төңірегінде аталып өткен болатын. Сондай шаралардың ерекшесі әнұранды хор боп айтып, жұртшылық назарын аудартқан жиын еді.

Ақтөбе үшін жасалатын әрбір істе белсенді қатысым жасайтын "Алаш" қоғамдық бірлестігі атаулы мерекемізде де бейжай қарамай, флешмоб ұйымдастырды. 

Қаламыздың сауда орынында жастар, жалпы жұртшылық көп жиналатын орында әнұранды бастап айтып, көздегендері сол бастамаға барша халық қосылуы болған-ды. 

Әнұранды жолдама қылған Алаштық жастар, фото-3

Ойлағандары сәтті жүзеге асқан Алаштықтар "бұнымен тек кешкілік арна жұмысын тоқтатқан кезде ғана естілмеуі тиіс әнұранымызды насихаттауды мақсат тұттық" дейді.

НОВОСТИ АКТОБЕ АЛАШ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии