Зейнетақысы 60 мың теңге: Нұрғали Нүсіпжанов туралы не білеміз

Қазақстанның еңбек сіңірген халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауылындағы Күреңбел жанындағы Доланалы ауылында дүниеге келген. Қарапайым шопанның отбасында тәрбиеленген өнер иесі Қоғалыдағы орта мектепті тәмамдаған. Өзі болмысының нәзік болғанына қарамастан, осы күнге дейін есесін жіберіп көрмегенін айтады.

Нұрғали Нүсіпжанов отбасылық жағдайларға байланысты оқуын бітірген соң екі жылға жуық уақыт мал бағып, шопан болған. Кішкентай күнінен жылқыны серік еткен әншінің балалық шағы Алтынемел бөктерінде өткен. 

«Есімді жиған ауылым мен жұртым сол. Жетісу жеріндеміз. Талдықорған жағындағы үш таудың ортасында бір бел бар. Оны «Күреңбел» деп атайды. Сол жерде туып-өстік. Ол таулы жер. Жер жәннаты – Жетісу. Аттап басқан кезден бері мал ішінде жүрдік. Малшының баласы әке-шешесімен бірге еңбектенеді. Ол жерде «Сен өйт, бүйт деп ешкім айтып жатпайды», - дейді Нұрғали Нүсіпжанов «Қарақатпен шай» бағдарламасында. 

Бала күнінен өнерге жақын болып өскен әнші талантын ерте байқатқан. Мәскеудегі фестивальге қатысу мақсатында әртүрлі ауыл ішіндегі, ауданаралық байқауларда бой көрсеткен. Артынша Алматы қаласында өткен қорытында кешке қатысқан. Осы кезде Нұрғали Нүсіпжанов талантымен талайды тәнті етіп, әділқазы алқаларының көзіне түсіп, консерваторияда оқуға ұсыныс алады. 

Өнер иесі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін әнмен кәсіби түрде айналысуды жөн көреді. 1956 жылы 19 жасында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түседі. Білікті мамандардың алдына барғаннан кейін де ән өнерімен кәсіби түрде айналысқан. Оның шығармашылықта шарықтауына ықпал еткен ұстаздардың бірі – Надежда Самышина. 7 жыл білікті маманнан дәріс алған ол алғашқы еңбек жолын қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан бастаған. 

Нұрғали Нүсіпжанов

Кейін қазақ телевидениесі мен радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет атқарды. Бұл жерде Нұрғали Нүсіпжанов халық аспаптары оркестріне қабылданады. 20 жыл қызметтік борышын атқарған ол «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Жазира» ансамблін ашқан. 
Нұрғали Нүсіпжанов - ұлттық өнерімізді дәріптеуде айтарлықтай орын алған тұлғалардың бірі. Швециядан басқа Финляндия, Моңғолия, Ауғанстан, Иемен, Ангола, Кипр, Португалия, Сирия, Греция, Югославия, Алжир, Германия, Түркия, Польша Қытай және ТМД-ның барша елінде концерттерде қазақ әнін әуелетіп, елді таныта түскен. 

Сондай-ақ, ол «Ауыл» партиясының мүшесі. 2011 жылы өткен сайлауда аталған партия мен «Руханият» әнші үшін таласып қалған-ды. Алайда өнер иесінің өзі мұны жоққа шығарып отыр. Бар болғаны адамдар мән-жайды дұрыс түсінбей қалғанын айтады.  

«Таласқанда, басқа бір шаруа болған шығар. «Руханияттың» басында таныс жолдастар болды. Солар «Руханиятқа кел» деп шақырды. Мен «Шығармашылық қолдау жасап тұрайын. Концерт-шаруаларың болса, қатысып берейін. Бірақ «Ауыл» партиясынан мүшеліктен шықпаймын» дедім. Яғни осылай іс-шараларға қатысып берейін деп айтқаным бар. Соны кейбіреулер басқаша түсінген сияқты. «Нұр Отан» партиясының адамдары жиі шақырады. Қазір де әртүрлі мәселемен шақырады. Мен депутат болуды немесе орын іздеуді көздеп жүрген адам емеспін», - дейді Нұрғали Нүсіпжанов осыдан 4 жыл бұрын Мұхит Сапарбаевқа берген сұхбатында. 

Сұхбатында әнші пара беретін және оны алатын адамдарды түсіне алмайтынын жеткізген-ді. Осы орайда, ол мұны адамды кемсітумен тең екеніне тоқталды. 

Нұрғали Нүсіпжанов

«Білмеймін. Ондайды, тіпті, түсіне алмаймын. Мен біреуге көрімдік немесе игілігіне деп сыйлық ретінде беруім мүмкін. «Мынауың құтты болсын, мынандай жолың болсын» деп. Ал жаңағындай нәрсе -  кемсіту. «Сонда күніңді көре алмай жүрген сорлы адамсың ба? Онда «мә» дегендей. Рухани сорлылар деп түсінемін», - дейді Нұрғали Нүсіпжанов Мұхит Сапарбаевқа берген сұхбатында. 
Мұнымен қатар, ол осыдан 4 жыл бұрын берген сұхбатында зейнетақысының 60 мыңға жеткенін айтқан-ды. Әрі қарай дені сау болса, ақырын барып ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетінін жасырмады. Мал ұстап, шама келгенше көкөніс екпек ниетте. 
Адамның бойынан тек жақсы қасиеттерді көруге талпынып тұратын тұлға болмысы нәзік болса да, «Есемді жіберіп көрген жоқпын» дейді. 

82 жастағы әншінің бірінші некесінен 5 қызы бар. Үлкен қызы Бибігүл Нұр-Сұлтан қаласындағы хореография академиясында ректорлық жұмыс атқарып жатыр. Одан кейінгі қызы – дәрігер, ортаншы қызы – экономика саласының маманы. Төртінші қызы Нұргүл – ҚазҰУ түлегі. Осыдан 7 жыл бұрын Франция елінің Париж қаласында өткен дүниежүзілік пианино шеберлерінің байқауында бірінші орынды жеңіп алған. Дәл қазір Алматы қаласында өнер саласында жүр. Кенже қызы да өнер саласында қызмет етеді. Барселонадағы үлкен оқу орнында қылқалам өнері бойынша білім алады. 

Халық әртісі 26 тамыз күні отандық журналист Жадыра Сейдешке екінші рет үйленді. Аталған той қазақстандықтардың қызу талқысына түсті. Себебі әншінің қалыңдығы өзінен 42 жас кіші еді. Сондай-ақ, журналист «пәктіктің белгісі» ретінде беліне қызыл лента тақты. Осы орайда, көпшілік әншінің 82-ге келгеніне қарамастан, жас көрінетінін жарыса жазған еді.

НОВОСТИ КАЗАХСТАНА НУРГАЛИ НУСИПЖАНОВ ЖАДЫРА СЕЙДЕШ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Я рекомендую
Пока никто не рекомендует

Комментарии

Комментарии предназначены для общения, обсуждения и выяснения интересующих вопросов

Общество
Прием документов в специализированных ЦОНах на регистрацию и перерегистрацию автотранспорта 23 сентября приостановлен с 10.30 до 12.30 и с 17.00 до 19.00.Причина - технические работы. Об этом на своей официальной странице в Facebook сообщил управляющий директор АО "Государственная корпорация "Правительство для граждан" Мурат Жуманбай. - Уважаемые автовладельцы! 23 сентября 2019 года в связи с техническими работами в базе данных МВД РК прием документов в сп...
Происшествия
В Жамбылской области расследуют происшествие на железной дороге, где ночью возле путей была обнаружена женщина с травмами рук и лица, передает city04 со ссылкой на https://www.zakon.kz Очевидцы прислали в редакцию фотографии, судя по которым женщина выпала из проходящего поезда. К фото была прислана запись, в которой говорится, что эта женщина - проводница поезда №44. Якобы она курила в тамбуре с открытой дверью и выпала оттуда. На данный момент более подр...
Криминал
Директор национального центра экспертизы по Актюбинской области подозревается в превышении должностных полномочий, сообщает Zakon.kz. Антикоррупционной службой Актюбинской области начато досудебное расследование в отношении директора РГП на ПХВ "Национальный центр экспертизы" по Актюбинской области Комитета контроля качества и безопасности товаров и услуг Министерства здравоохранения РК по подозрению в превышении должностных полномочий. Он подозревается в...
Спорт
С 22 по 26 сентября 2019 г. в Актобе проходит международный командный турнир по шахматам среди юношей и девушек «Кубок Владимира Дворковича», передает city04.kz. Как сообщили в облакимате, это сильнейший турнир, который по масштабности и уровню проведения может претендовать на звание Командного чемпионата мира среди юношей и девушек. Актобе выбран местом проведения не случайно – именно в этот город был направлен молодой Владимир Дворкович по распределению...
Криминал
В Жанаозене бойцы Нацгвардии задержали 24-летнего местного жителя с пакетом марихуаны. Как сообщила пресс-служба РгК «Батыс» Нацгвардии РК,  наряд воинской части 5548 в составе начальника патруля сержанта Қуаныша Стамкулова, патрульного рядового Дулата Маратова и старшего специалиста кинологической службы младшего сержанта Сагындыка Кульписова, находясь на маршруте патрулирования в микрорайоне «Шугыла», заметили группу молодых людей в количестве трех челов...
Происшествия
В ходе плановых подрывных работ на территории специально оборудованного полигона в 60 км от Арыси произошло ЧП, передает пресс-служба минобороны РК. «10 специально подготовленных саперов — военнослужащих по контракту получили осколочные ранения. Данные военнослужащие госпитализированы в полевой госпиталь министерства обороны Республики Казахстан. Им оказывается необходимая медицинская помощь в полном объеме», — рассказали в военном ведомстве. Причины и обс...
Спорт
В субботу, 21 сентября во Дворце единоборств "Жекпе-жек" состоялось торжественное открытие V фестиваля по национальным видам спорта РК, сообщает city04.kz со ссылкой на пресс-службу акима области.  В открытии приняли участие аким области Ондасын Уразалин, руководитель управления Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Карлыгаш Рамазанова, заместитель директора РГКП «Дирекция развития спорта» Еркегали Карбозов, чемпион...
Власть
20 сентября прошел рабочий визит в Актюбинскую область первого председателя Агентства РК по делам государственной службы, руководителя Управляющего комитета Астанинского хаба в сфере государственной службы Алихана Байменова. Алихан Байменов в Актобе встретился с государственными служащими региона. Инициатором встречи стал областной Департамент по делам государственной службы. Как сообщила пресс-служба Департамента по делам государственной службы по Актюбин...
Общество
Жаңа оқу жылынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Парасаттылық мектебі» ашылды, деп хабарлайды City04.kz. Бұрын-соңды болмаған шара ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалының бастамасымен қолға алынып отыр. Бүгінгі салтанатты шараға Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қа...