• Главная
  • Мемлекеттік қызмет жәрмеңкелері Ақтөбеліктердің мәселелерін шешуге көмек көрсетуде
14:42, 3 сентября 2019 г.
Надежный источник

Мемлекеттік қызмет жәрмеңкелері Ақтөбеліктердің мәселелерін шешуге көмек көрсетуде

Мемлекеттік қызмет жәрмеңкелері Ақтөбеліктердің мәселелерін шешуге көмек көрсетуде

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кедергілерді жою бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шаралар өткізілуде, деп хабарлайды City04.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың І жартыжылдығында облыстың барлық аудандарында жалпы 25 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілді.

Аталған шарада облыс тұрғындары көрсетілетін қызметтер ішінде үлкен сұранысқа ие, атап айтқанда жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын-үй салаларымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тиісті кеңестер алды.

Сонымен қатар, жәрмеңкелер барысында Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері "Телеграмбот" мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға қол жетімділікті көрсетіп, электрондық үкімет порталының дағдыларын игеруге көмектесті.

Жалпы аталған жәрмеңкелерде 1542 адам мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы кеңес алды, 472 адам сол жерде мемлекеттік көрсетілетін қызметті рәсімдеді, 409электрондық-цифрлық қолтаңба берілді және 1739 қызмет алушылардың құқықтары туралы кітапшалар таратылды.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында бүгінгі таңда ең өзекті "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мәселесі бойынша арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып, 200-ден астам азаматтарға кеңес берілді.

Жалпы халық аталған іс-шараларға оң бағасын берді, себебі мұндай форматтағы іс-шаралар азаматтардың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған бірегей алаң болып табылады, сонымен бірге әрбір адам мазалап жүрген сұрақтары бойынша тікелей мекеме басшылары мен мамандарына сауалдарын қоя алады.

Айта кету керек, осындай жәрмеңкелер Ақтөбе облысының барлық аудандарында тұрақты түрде өткізіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #НОВОСТИ АКТОБЕ #МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Комментарии

Объявления
live comments feed...