• Главная
  • Ақтөбе облысында 25 ауқымды инвестциялық жоба жүзеге асады
15:12, 4 сентября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында 25 ауқымды инвестциялық жоба жүзеге асады

Ақтөбе облысында  25 ауқымды  инвестциялық жоба жүзеге асады

3-қыркүйек Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаировты қабылдады. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов және "Ақтөбе" «ӘКК ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Мамунов қатысты, деп хабарлайды City04.kz.

Аймақ басшысы екі жақты кездесу барысында өңірде жүзеге асатын инвестициялық жобаларды айтып өтті.

Ақтөбе облысында  25 ауқымды  инвестциялық жоба жүзеге асады, фото-1

- Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында да инвестиция көздерін тарту мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Соның аясында өз тарапымыздан инвесорларды тарту үшін жан-жақты жұмыстар жүргізудеміз, шетелдік инвесторлардың жобаларын жылдам бастауына жағдайлар жасалуда. Индустриялық аймақта жалпы сомасы 22,8 млрд теңге болатын 9 жоба жүзеге асырылып, 477 жаңа жұмыс орны ашылды.

Облыс бойынша жалпы құны 190 млрд теңге болатын 25 ірі инвестициялық жоба, шетелдік капиталдың қатысуымен 1,1 трл теңгеге 19 жоба іске асырылу үстінде,-деді Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров өңірге жасаған іс-сапары барысында көптеген нәтижелі жұмыстармен танысқанын, Ақтөбе облысы еліміздегі бизнесті жүргізуге қолайлы аймақ екенін жеткізді.

Және министрлік тарапынан дайын жобалардың жүзеге асуына , қолдау көрсетілетінін айтты. Басқосуда инвестиция тарту мәселесінен өзге өнеркәсіпті дамыту өңірлік фронт-кеңселердің қызметін одан әрі жетілдіру ұсыныстары қаралды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #ОРАЗАЛИН ОНДАСЫН #АКИМ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Комментарии

Объявления
live comments feed...