Білім беру обьектілердің өртке қарсы жағдайы

Білім беру обьектілердің өртке қарсы жағдайы

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың ерекше тәртібі бойынша тексеру кестесіне сәйкес 537 объектіге өртке қарсы жағдайына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды City04.kz.

Тексерістердің нәтижелері бойынша 411 объектіде 1986 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылығы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 288 тұлға айыппұл және ескерту алған.

Жылдың мамыр-тамыз ұйғарымдардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, онда 364 білім беру объектілерінде 1817 бұзушылық толық жойылғаны анықталған.

30 білім беру объектіде 176 өрт қауіпсіздігінің бұзушылығы жойылмағанына байланысты сот органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 20 тұлғаны 2 млн. 6 мың 899 теңгеге айыппұл түрінде тартқаны мәлім болды.

Департамент өз тарапынан жойылмаған бұзушылықтар туралы білім басқармасы мен облыс әкімдіктері хабардар етіліп, толық назарда екендігін алға тартты

НОВОСТИ АКТОБЕ ДЧС АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии