• Главная
  • Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 90% асты
12:47, 6 сентября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 90% асты

 Ақтөбе облысында  мемлекеттік тілді меңгергендердің  үлесі 90% асты

5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай облыс
әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен "Тілім менің-баға жетпес байлығым" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды City04.kz. 

"Нұр Отан" партиясының мүшелері, басқарма басшылары,халықаралық "қазақ тілі қоғамының" мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының басшылары,мемлекеттік  тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткен жиында қонақтар қазақ тілінің маңыздылығына қатысты пікірлерін білдірді.Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы,  қазақ мектебінде оқитын Егор Герц, "Оксана» украиндар этномәдени бірлестігінің мүшесі, 8-сынып оқушы Сабина Чернова, № 1 Мәртөк орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Артем Райзих, және тағы да басқа қатысушылар мемлекеттік тілдің мәртебесі жайына тоқталды. Сонымен қатар, қазақ тілін жетік сөйлей білетін Корей азаматы,Ақтөбе қаласындағы Седжонг хан атындағы Корей тілі орталығының директоры Шимон Сон қазақ тілінің өте көркем, әрі қазақ тіліне деген қызығушылығының жоғары екенін айтты.

 Ақтөбе облысында  мемлекеттік тілді меңгергендердің  үлесі 90% асты, фото-1


Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева  басқарма тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Айтуынша, биыл облыста мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі  90%дан асқан. Тілдерді оқыту орталығы арқылы 1303 адам, жексенбілік мектептер арқылы 100 адам мемлекеттік тілді үйретумен қамтылған. Бұл көрсеткіштің 94,7%-ін құрап отыр. Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу, және оның пайдалану аясын кеңейту бағыты бойынша биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға 592 млн. 200 мың теңге қарастырылып, оның  86 млн. 300 мың теңгесі (14,5%) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолданылуына бағытталған.

 Ақтөбе облысында  мемлекеттік тілді меңгергендердің  үлесі 90% асты, фото-2


"Күні кеше Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қазақ тілінің мәртебесіне айрықша тоқталған еді. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру бірінші кезекті басымдықтарға жататынын атап өтті. Бізді де алдымызда бірқатар міндеттер күтіп тұр.Бүгінгі таңда кез келген адам ақпаратты ғаламтордан іздейді. Осыған байланысты Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің әлеуетін арттыру мақсатында, интернет-ресурстарды толық қамтуы тиіс. Онлайн оқу құралдарын, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы   насихаттау шараларын қолға алуы қажет. 

Латын графикасына көшу – бұл біздің өркениетті таңдауымыз. Ендігі уақытта басты міндет – реформаны жүзеге асырудың сапалық жағы. Латын графикалы жаңа әліпби негізінде қазақ тілінің кеңістігін дамыту басты  мақсатымыз.  Көрнекі ақпарат құралдарын, сыртқы жарнамаларды,  ономастикалық кеңістікті жаңа әліпби негізінде реттеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуі тиіс,"-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Басқосу соңында аймақ басшысы ҚР-ның тілдері күні мерекесіне орай бірқатар азаматтарына, мекеме ұйымдарына облыс әкімінің алғыс хаты мен 100 мың теңгелік сертификатын табыс етті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #новости казахстана

Комментарии

Объявления
live comments feed...