Жұма күні облыс басшысы Оңдасын Оразалин Алға ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар ауылшаруашылық нысандарын аралады, деп хабарлайды City04.kz.
Бестамақ ауылдық округіндегі жылқы бордақылаумен айналысатын «Есбол» ШҚ бұл кәсіпті өткен жылы қолға алған. Қожалықта 500 жылқы бордақылануда. Етін Ақтөбе облысынан өзге РФ-на экспорттайды. Жақында бордақылау алаңы маңынан жем сақтауға арналған қойма, мал сою алаңдарының құрылысы, және жұмысшыларға жатақхана берілмек.
Облыс әкімі бұдан соң, Бестамақ ауылдық округі Бесқоспа ауылындағы сүт өңдеу бағытында ашылған «Сығылай» шаруа қожалығының жұмысын көрді. Күніне 600 литр сүт өндіреді. Ірі сүт өндіру орындарына өткізеді. Қожайыны Әлібек Айтбаев ауылшаруашылық саласындағы кәсіппен алғаш айналысуы. Тәуекелге бел буған азамат қазірде 10 адамды жұмыспен қамтып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Қазіргі уақытта етті сүтті бағытындағы 144 МІҚ соның ішінде 4 бас бұқа , 85 бас сиыр, 55 бас бұзау бар. Айына 30 тонна сүт өнімін алады. Қожалық иесі малдарын сапалы жеп-шөппен қамту үшін облыс әкімінен суармалы жер бөлуге қолдау көрсетуді сұрады. Оңдасын Оразалин аудан әкімі мен ауылшаруашылығы басқармасының басшысына мәселені тез арада қолға алып, бос жатқан жерлерді пайдаға асыруды тапсырды.