Азаптағаны үшін сотталуған полицейлердің туысқандары Ақтөбе прокуратурасына шықты

Азаптағаны үшін сотталуған полицейлердің туысқандары Ақтөбе прокуратурасына шықты

Полицейлердің туысқандары сот шешімімен келіспейді.

Ақтөбеде азаптағаны үшін сотталып жатқан полицейлердің жақындары прокуратураға шағымданды, деп хабарлайды City04.kz.

Алматы ауданындағы 4-ші полиция бөлімі басшысының бұрыңғы орынбасары Руслан Есанов және бұрынғы оперативтік қызметкер М. Темірғалиев, Дастан Ходжибаев пен Асылбек Таласбаевтың жақындары  9 қыркүйек ғимаратының жанында облыстық прокуратуражиналды. Екі полицей 5 жылға, тағы екі полицей 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, олар арнайы қабылдау орынынан босап 8 тәулікке қамауға алынған ер адамды ұрып, соққыға жыққан.

Кейін ол полицияға арыз жазып, іс қозғаған. 6 қыркүйекте оларды сот залында қамауға алды. Ал 9 қыркүйекте сотталғандардың туыстары облыс прокурорымен кездесуді талап етіп, облыстық прокуратура ғимаратының жанында жиналды. Олар іс жалған деп санайды, жәбірленушінің дауыстық айыптары негізге алынды.

Жиналғандарға үкім заңды күшіне енбегенін түсіндіріп, апелляциялық шағыммен сотқа жүгінуге кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, полиция бөлімінің төрт қызметкері Руслан Есанов, Марат Темірғалиев, Дастан Ходжибаев пен Асылбек Таласбаевқа 6 қыркүйекте үкім шығарды. Оларды ҚР ҚК-нің 146-бабында көзделген "қасақана дене және психикалық азап келтіру"деп айыптаған.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА ОСУЖДЕННЫЕ ПОЛИЦЕЙСКИЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии